|
|
|
Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 Қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме сату жөніндегі қызметті, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер түрлерiн лицензиялау ережесi бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: реттік нөмiрi 11-жолда: 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-бағанның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме сату, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер түрлерi". 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндіру, қайта өңдеу және көтерме сату жөнiндегі қызметтi, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер түрлерiн лицензиялау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме сату жөніндегі қызмет, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетін қызметтер түрлерiн лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заңына сәйкес әзiрленген әрi заңды және жеке тұлғаларға аталған қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме сату жөніндегі қызметті, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер түрлерiн (бұдан әрi - дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға байланысты қызмет) лицензиялауды Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органы (бұдан әрi - Лицензиар) жүргiзедi. 3. Қазақстан Республикасында заңды және жеке тұлғалардың дезинфекциялауға, дезинсекциялауға, дератизациялауға байланысты қызметi лицензиялауға (бұдан әрi - Лицензиаттар) жатады. 2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары 4. Дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға байланысты қызметке лицензия мерзiмi шектелмей берiледi. 5. Лицензия қызметтiң мынадай белгiлi бір түріне (түрлерiне) берiледi: дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу; дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын көтерме сату; дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетілетiн қызметтер. 6. Дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға байланысты қызметке лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет: 1) белгiленген үлгідегi өтiнiш; 2) лицензиаттың біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар; 3) аумақтық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының рұқсаты; 4) бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжат; 5) мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлға үшін). 7. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмi Ереженiң 6-тармағында көзделген барлық қажеттi құжатпен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап есептеледi. Лицензия барлық қажеттi құжатпен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей берiледi. 8. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр ай мерзiмде бұл туралы лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi. Заңды тұлғаның атауы, тұрған орны (егер ол лицензияда көрсетiлген болса) өзгерген жағдайда, ол бiр айдың iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап лицензиар он күн iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi. Лицензияны қайта ресiмдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген тәртiп пен мөлшерде алым төленедi. Лицензияны жоғалтып алған ретте лицензиаттың телнұсқаны алуға құқығы бар. Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензиар он күн iшiнде лицензияның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алым төлейдi. 3. Дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға байланысты қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары 9. Дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға байланысты қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын біліктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды: 1) меншiк немесе жалдау құқығын растайтын құжатты техникалық жоспарымен қоса ұсына отырып, өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келетiн дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын дайындауға, сақтауға және сатуға арналған өндiрiстiк үй-жайлар. Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындауға, өндiруге, қайта өңдеуге арналған өндiрiстiк үй-жайлар (цехтар) басқа объектiлерден (үй-жайлардан) бөлек орналасуы тиiс. Өнiмнiң мол көлемiн шығаратын өндiрiс (зауыт) үшiн басқа объектiлерден бөлек орналасқан тұрғын үй емес ғимарат болуы қажет; 2) арнаулы жабдықтары, техника, аппаратуралар мен құрал-саймандар, мүкәммал, арнаулы киім, жеке қорғанудың және жеке бас гигиенасының құралдары, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау шикiзатының, құралдары мен препараттарының қауiпсiздiгі мен сапасын қамтамасыз ететiн жағдайларды сақтау; 3) еңбек және қауiпсiздiк техникасы ережелерi оқытылған қызметшiлер; 4) жеке тұлғаларда (заңды тұлғалар қызметкерлерiнде) тиiстi білімi (медициналық, биологиялық, химиялық) немесе көрсетiлген қызмет түрлерi үшiн кадрлар даярлаумен айналысу құқығы бар ұйымдарда алынған дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау мәселелерi бойынша арнайы даярлығы; 5) жеке тұлғалардың (заңды тұлғалар қызметкерлерiнiң) заңнамада белгiленген тәртiппен біліктiлiктерiн көтеруден және қайта даярлаудан өтуi туралы құжат; 6) жеке тұлғалардың (заңды тұлғалар қызметкерлерiнiң) алдын ала және мерзiм-мерзiммен медициналық қаралудан өтуi туралы құжат. 10. Лицензия берілмейдi, егер: 1) субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен тыйым салынса; 2) осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етілетiн барлық құжат ұсынылмаса. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған ретте, өтiнiш жалпы негiзде қаралады; 3) лицензиялық алым енгiзiлмесе; 4) өтiнiш беруші осы ережеде белгiленген біліктiлiк талаптарына жауап бермесе; 5) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса. Лицензия беруден бас тартылған ретте, өтiнiш берушiге лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi. 11. Егер өтiнiш беруші бас тартуды негізсіз деп таныса, онда ол бір ай мерзiмде оған сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 5. Лицензияны қайтарып алу және оның қолданылуын тоқтата тұру 12. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, мынадай жағдайларда сот тәртібімен қайтарып алынуы мүмкiн: 1) лицензияда қойылған талаптарды лицензиат орындамағанда; 2) соттың лицензиатқа ол ие лицензия бойынша жүзеге асыратын қызмет түрiмен айналысуына тыйым салғанда; 3) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жөніндегі себептердi лицензиар жоймағанда; 4) лицензия алу кезiнде лицензиат көрiнеу жалған ақпарат ұсынғанда. 13. Лицензиар тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, алты айға дейiнгi мерзiмге лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. Шағын кәсіпкерлік субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың арызы бойынша сот жүргiзедi. 14. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi жойылғаннан кейiн лицензияның қолданылуы қайта қалпына келтiрiледi. 15. Лицензияны тоқтата тұру туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Соттың лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы туралы шешімі кезінде оның тоқтата тұру мерзімі лицензиардың осындай шешімді қабылдаған сәтінен (күнінен) бастап есептеледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |