|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы № 2483 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Актінің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы". 2. Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Заң Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның қызметін бақылау мен қадағалауды айқындайды.". 3. Бүкіл мәтін бойынша "Жарлық", "Жарлықпен", "Жарлықты" деген сөздер тиісінше "Заң", "Заңмен", "Заңды" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Тараулардың нөмірлері араб цифрларымен ауыстырылсын. 5. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: "1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және осы Заңмен белгіленген құзырет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақтылы және шартты атауы, мөрі, мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің нышаны мен айырым белгілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктерде шоттары болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі әскери құрама болып табылады.". 6. Мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3-баптармен толықтырылсын: "1-1-бап. Күзет іс-шаралары Күзет іс-шаралары - күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, жедел-іздестіру және техникалық шаралардың жиынтығы. Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары терроризмге қарсы операцияларға жатады. 1-2-бап. Күзетілетін адамдар 1. Күзетілетін адамдар - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі күзетуге жататын адамдар. 2. Мыналар күзетілетін адамдар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының Президенті; 2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы; 3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы; 4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі; 5) Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпен бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері; 6) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті; 7) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің онымен бірге тұратын отбасы мүшелері немесе оған еріп жүрушілер; 8) Қазақстан Республикасының экс-президенті; 9) тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары; 10) қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етілетін шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары; 11) қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өкімдері негізінде қамтамасыз етілетін халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары. 3. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған лауазымды адамдар тең жағдайда күзетіледі. 4. Осы баптың 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің бастығына күзетуші адамдар қызмет міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда оларды ауыстыруды ұсынуға құқылы. 1-3-бап. Күзетілетін объектілер Күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен су айдыны. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.". 1) төртінші абзацтағы "қызметтік үй-жайларында" деген сөздер "күзетілетін объектілерде" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: "өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы күресті жүзеге асыру;"; 3) бесінші абзацтағы "күзету объектілеріне" деген сөздер "объектілерге" деген сөзбен ауыстырылсын. 8. Мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын: "4-1-бап. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне басшылықты Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын, қызметтен босататын және (немесе) әскери қызметтен босататын Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Республика Президенті бекітеді.". 10. 8, 9, 12, 13-баптардағы тармақтар кіші әріппен жазылып, нүктелі үтірмен аяқталатын тармақшалармен ауыстырылсын. 11. 8-бапта: 1) 3-тармақтағы "қызметтік үй-жайларында" деген сөздер "күзетілетін объектілерде" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 4-тармақтағы ", сондай-ақ жекелеген іс жүргізу әрекеттерін іске асыруда өзге" деген сөздер алып тасталсын; 3) 5-тармақтағы "қызметтік үй-жайларында" деген сөздер "күзетілетін объектілерде" деген сөздермен ауыстырылсын. 1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Күзетілетін объектілерге кіру (көлікпен кіру) кезінде және олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде азаматтарға (күзетілетін адамдарды қоспағанда) жеке тексеру, олардың алып жүрген заттарына тексеру, көлік құралдарына және оларда алып бара жатқан заттарға, оның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру жүргізу."; 2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде фактілер мен оқиғаларды суретке түсіруді, дыбысжазбаны, кино және бейне түсірілімді жүзеге асыру."; 3) 4-тармақтағы "министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден, өзге де орталық атқару органдарынан, сондай-ақ" деген сөздер "мемлекеттік органдардан," деген сөздермен ауыстырылсын, "Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан" деген сөздер алып тасталсын; 4) 5-тармақтағы "күзетілетін адамдардың тұрақты және уақытша болатын жерлерінде" деген сөздер "күзетілетін объектілерде" деген сөздермен ауыстырылсын. 13. 10-баптың екінші бөлігіндегі "объектілерге" деген сөздің алдынан "күзетілетін" деген сөзбен толықтырылсын. 14. 12-баптың 6-тармағындағы "күзету объектілеріне" деген сөздер "объектілерге" деген сөзбен ауыстырылсын. 15. 13-баптың бесінші бөлігіндегі "прокуратура" деген сөздің алдынан "24 сағат ішінде" деген сөздермен толықтырылсын. 16. 14-баптың екінші бөлігі алып тасталсын. 17. 15-баптың үшінші бөлігіндегі "нормативтік актілердің" деген сөздер "нормативтік құқықтық актілердің" деген сөздермен ауыстырылсын. 18. 17-баптың үшінші бөлігінің үшінші сөйлеміндегі "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздер "заңда" деген сөзбен ауыстырылсын. 19. 18-баптың екінші бөлігінде: 1) сегізінші абзацтағы "күзетке алынатын объектілерге", "адамдарға, күзетке алынатын объектілерге" деген сөздер тиісінше "объектілерге", "адамдар мен объектілерге" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тоғызыншы және оныншы абзацтардағы "күзетке алынған" деген сөздер алып тасталсын. 20. 23-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "23-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің жұмысына бақылау жасау". Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |