|
|
|
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткі бизнесіне қарсы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн. 3. Бағдарламаны орындауды қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестiру Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетiне жүктелсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Ә. Мұхаметжановқа жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 736 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы Астана, 2002 жыл 1. Бағдарламаның паспорты 2. Кіріспе 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже 8. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары Атауы - Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы Әзірлеу үшін - Ел Президентінің "Қазақстан - 2030. Барлық негiздеме қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" деген 1997 жылғы 10 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы; "Есiрткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы Негiзгi - Әділет министрлiгі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi әзiрлеушілер iстер министрлiгі, Бас прокуратура, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кiрiс министрлігі, Білім және ғылым министрлiгі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Жоғарғы Сот, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі, Сыртқы iстер министрлігі, Қаржы полициясы агенттiгі, Туризм және спорт жөніндегі агенттiк. Мақсаты - Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және eciрткі бизнесiнiң одан әрi таралуына қарсы тиiмдi мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесiнiң негiзгi буындарын нығайту Мiндеттерi - нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу жүйесiн нығайту және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйесiн құру; есiрткiнiң, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл тетiгiн нығайту; есiрткiнiң заңсыз айналымын және оларды терiс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Қаржыландыру - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң көздерi қаражаттары, халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң өтемсiз техникалық көмегі Бағдарламаны iске асыру республикалық бюджет қаражатынан 2002-2003 жылдарда 460,95 млн. теңге қаржыландыруды талап етедi. Күтілетін - Бағдарламаны iске асыру нашақорлықтың алдын алу нәтижелер тиiмдiлігін арттыруға, есiрткiнi заңсыз пайдаланатын адамдарды уақытында анықтауға және олардың санын қысқартуға, есiрткiнiң заңсыз кiруiне қарсы Қазақстан Республикасының кедендiк және мемлекеттік шекарасын бақылауды күшейтуге, есiрткiнiң, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау жүйесiн нығайтуға, есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты iстер бойынша сот iсiн жүргізу тиiмдiлігін арттыруға, есiрткiнiң заңсыз айналымын бақылау саласында халықаралық ұйымдар мен донор елдердiң назарын аудару арқылы есiрткiге сұранысты азайтуға, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту, есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын кесу саласында перспективалы бағдарламаларды әзiрлеуде және енгізуде оларға техникалық көмек көрсету үшiн халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қол жеткізуге мүмкiндiк бередi. Iске асыру - 2002-2003 жылдар мерзiмі
Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес Үкiметтiң басым мiндетi ретiнде айқындалған Президенттiң "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуi, қауiпсiздiгі және әл-ауқатының артуы" деген Қазақстан халқына Жолдауына , "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру нәтижелерi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы негiзiнде әзiрлендi. 3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КҮЙIН ТАЛДАУ Соңғы жылдары есiрткiнi, психотроптық заттар мен прекурсорларды терiс пайдалану әрi олардың заңсыз айналымының республикада жаппай таралуы етек алды және экономиканың, құқық тәртібінiң жай-күйiне, қоғамдағы әлеуметтiк-психологиялық ахуалға, халықтың денсаулығы мен тектiк қорына барған сайын терiс әсер етуде. Орналасу ерекшелігiне орай Қазақстан Республикасының аумағы есiрткiнi Оңтүстiк-Батыс Азия елдерiнен, ең алдымен, Ауғанстаннан Еуропа елдерiндегі, соңғы жылдары Ресейдегi оларды өткiзетiн әлемдiк рыноктарға жеткізу үшiн оны транзиттiк дәлiз ретiнде пайдаланатын халықаралық есiрткi картельдерi мүдделерiнiң аясында қалып отыр. Есiрткi транзитiнiң ертеден пайдаланылып келе жатқан Азиядан Орталық Қазақстан арқылы Ресейге және әрi қарай - Еуропаға созылған бағытын "Өлiм Жiбек жолы" деп атайды. Қалыптасқан ахуал тиiсiнше мемлекеттен халықтың психикалық және тән саулығын есiрткiнiң лекіген толқынынан қорғауға бағытталған нақты пәрмендi шаралар қабылдауды талап етедi. Қазақстан Республикасында есiрткiнiң таралуы мен оларды терiс пайдалануға байланысты тiркелген құқық бұзушылық санының өзгеру серпiнi олардың ұдайы өсуiн айқын көрсетiп отыр. Бұдан басқа, есiрткiнi жүйелi пайдаланатын адамдар саны да көбеюде. Бұл факторлар Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтiк ахуалға теріс әсер етедi және үрей туғызады. Осыған байланысты ecipткi айналымына бақылауды одан әрi күшейту, есiрткінi терiс пайдалануға қарсы ic-қимылға мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың қызметiн жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетiн нығайту мақсатқа сай келедi. Есiрткiнiң мемлекеттегі заңсыз айналымы проблемасы жалпы ұлттық сипат алып отыр, өйткенi халықтың барлық жiгі, соның iшiнде балалар да тартылған. Айталық, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (департаментiнiң) деректерiне сәйкес 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша алдын алу есебiнде есiрткiнi терiс пайдаланатын 38320 адам тұр, соның iшiнде 1938-i кәмелетке толмағандар. 2002 жылғы 1 қаңтардағы есепте осындай 45505 адам тұр және 1927-i кәмелетке толмағандар. Алдын алу есебiндегі кәмелетке толмағандардың жалпы санының 1131-i оқушылар, 228-i - 15 жасқа дейiнгі кәмелетке толмағандар; есірткiні теріс пайдаланатын әйелдердiң саны үстiмiздегі жылдың басында 4420-ны құрады. Жоғарыда көрсетiлген статистикалық және өзге де мәлiметтердi талдау есiрткiнi заңсыз таратуға және оларды медициналық емес пайдалануға байланысты қылмыстар мен өзге де құқық бұзушылықтар саны өсуiнiң тұрақты үрдiсiнiң сақталуы туралы айғақтайды. Есiрткiге қол жетiмдiлiк, оларды iс жүзiнде кедергiсiз сатып алу мүмкiндiгі, салыстырмалы түрде арзандығы республикада бүгіндерi есiрткiнi терiс тұтынудың, нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң етек алуының басты себептерiнiң бірi болып отыр. Бұл ретте психиатриялық және наркологиялық қызметтердiң жай-күйiн жақсарту жөнiнде мемлекет қабылдап жатқан шаралар әлi де жеткiлiксiз. 1990 жылмен салыстырғанда 2000 жылы диспансерлер саны бір жарым есе, төсектер саны 2,5 есе қысқарып кетті. Соңғы үш жылда наркологиялық кабинеттердiң саны екi есеге жуық азайды, наркологиялық ұйымдардағы жасөспiрiмдер кабинеттерiнiң саны кемiдi. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасында есiрткiге қатысты ахуал: ecipткігe тәуелдiлiкпен азап шегуші адамдар үшiн алдын алу, емдеу және оңалту көмегінiң жеткiлiксiз дамуымен; есiрткінiң заңсыз айналымына байланысты қылмыстар санының көбеюiмен; Қазақстан аумағын транзиттiк дәлiз ретінде пайдаланудың жалғасуымен, соның салдарынан есiрткiнiң анағұрлым қауіпті түрлерiнiң (героиннiң, апиынның және синтетикалық есiрткілердiң) контрабандасы мен транзитiнiң ұлғаюымен; есiрткiнi тұтынушылар жасының төмендеуiмен сипатталады. Республикадағы есiрткілiктiң бетiн қайтару мемлекет пен қоғамның күшi толық жұмдасқанда ғана мүмкiн болмақ. 4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасында нашақорлықтың одан әрi таралуына қарсы тиiмдi мемлекеттік және қоғамдық iс-қимыл жүйесiнiң негiзгi буындарын нығайту және есiрткi бизнесiне қарсы күресу болып табылады. Бағдарламаның аса маңызды мiндеттерiнiң қатарында: 1) нашақорлықтың алдын алуды, оны емдеу жүйесiн нығайтуды және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйесiн құруды; 2) есірткінiң, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл тетiгін нығайтуды; 3) есiрткiнiң заңсыз айналымын және оларды терiс пайдалануды бақылау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды бөлiп көрсеткен жөн. 5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТІГІ Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу әрi басты мiндеттердi шешу үшiн Бағдарламамен Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң қазiргi жүйесiн нығайтуға бағытталған шаралар кешенiн iске асыру көзделiп отыр. Нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу жүйесiн нығайту және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйесiн құру iсiнде Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемалары республикалық орталығының, нашақорлықтан емделудiң курсынан сәтті өткен адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту орталықтарының, сондай-ақ елiмiздiң медициналық жоғары оқу орындарының қызметiне зор көңiл бөлiнетiн болады. Бүгiнгi таңда алдын алу емдеу және оңалту осы келеңсiз құбылысқа қарсы күрестiң неғұрлым пәрмендi жолдары болып табылатындықтан, мәселенiң осы қыры ерекше назар аударуға лайық және нашақорлыққа "нәр беретiн" тамырларды анықтауға, жоюға немесе оқшаулауға бағытталады. Мұқтаж адамдардың көмектi уақтылы алу және тиiстi қызметтерге қол жеткізу мүмкiндiгiн туғызу керек. Бұл ретте есiрткi мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм жасөспiрiмдердi емдеуге және әлеуметтік оңалтуға ерекше көңiл бөлiнедi, осы орайда барлық наркологиялық диспансерде жасөспiрiмдер бөлiмдерi ашылатын болады. Қазiргi кезеңде Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемалары республикалық орталығы нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу және оңалту саласында елдiң басты емдеу-клиникалық, ғылыми және оқу-әдiстемелiк базасына айналуға тиiс. Орталықтың алдында қоғамда есiрткiнi терiс пайдаланудың деңгейiн жан-жақты, терең және үнемi талдау негiзiнде есiрткiге сұранысты қысқарту, алдын алу, ecipткiгe тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту жөніндегі республикалық мақсатты бағдарламалар әзiрлеу; үйлестiрушi немесе атқарушы ретiнде оларды iске асыруға қатысу; ауруды емдеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн жасап, оларды (сынап көрген соң) елде кеңiнен енгізуге ұсыну; нашақорлық неғұрлым көбірек жайлаған аймақтарды анықтау және мүдделi министрлiктер мен ведомстволарды олардың бара-бар шаралар қолдануы мақсатында хабардар ету; халықтың түрлi санаттарының арасында есiрткiнi терiс пайдаланудың тұрақты мониторингiнiң тетiгiн енгізу мiндетi тұр. Сондай-ақ Орталық негізiнде халықаралық ұйымдар мен шет елдердiң мамандары қатысып тұратын тұрақты жұмыс iстейтiн курстар, семинарлар жұмыс iстеуге тиiс. Құрамында есірткісі бар өсiмдiктердiң таралу орнын анықтау, экологиялық ортаны ескерiп, оларды оқшауландыру күресiнiң әдiстерiн әзiрлеу, құрамында есiрткiсi бар өсiмдiктердi өнеркәсiптiк өндiрiсте пайдаланудың ғылыми негіздерiн жасау және нашақорлыққа қарсы күрестiң басқа да проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламалары орындалатын болады. Есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту саласындағы қазiргi заманғы стратегияның негiзiнде осы салада мемлекеттік саясаттың негізгi бағыттары әзiрленетiн болады. Наркология саласында: нашақорлықты әлеуметтік қауiптi ауру ретiнде тану жағдайында наркологиялық қызметтердi жетiлдiру мен дамыту; бас бостандығынан айыру орындарында наркологиялық қызметтердi ұйымдастыруды және жарақтандыруды жақсарту; наркологиялық мекемелердi аса тиiмдi дәрiлермен және осы заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану керек. Әлеуметтiк есiрткi иммунитетiн егу мақсатында балаларға, жасөспiрiмдер мен жастарға арналған есiрткiге қарсы оқу-танымдық әдебиеттер әзiрлеу және басып шығару қажет, оқу орындарының жоспарында есiрткiге қарсы тақырыптарда лекциялар енгізiлетiн болады. Бұдан басқа, есiрткiге қарсы тақырыптарда көркем шығармаларға конкурстар, спорттық жарыстар ұйымдастырып, телеарналар мен кинотеатрларда қоғам үшiн есiрткiнiң залалы туралы деректі, ғылыми-көпшiлiк және көркем фильмдер көрсете отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейлерде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнiне (26 маусым) арналған акциялар өткізу белгiленiп отыр. Осы Бағдарламаны iске асырудың келесi бағыты нашақорлыққа және eciрткі бизнесiне қарсы күрес саласындағы заңдарды жетiлдiруге және есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар кешенiн қамтитын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл тетiгін нығайту болып табылады. Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес проблемасы тиiмдiлiгi осы салаға тартылған барлық мемлекеттік органдардың бірлесiп үйлестiрiлген күш-жiгерi мен iс-әрекеттерiне байланысты жан-жақты сипат алатынын ескере отырып, мемлекеттік органдардың есiрткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылауды жүзеге асыру тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi одан әрi әзiрлеуi қажет болады. Осы кезеңде есiрткi бизнесiнде ақшаның "ағылуына" қарсы күрес стратегиясын әзiрлеуге және iске асыруға кiрiсу керек. Осы қызметте келесi маңызды бағыт зертхана жабдықтарын сатуға бақылауды қамтамасыз ету, прекурсорлардың заңсыз жасалуына, таралуы мен олардың ашық айналымнан жасырын айналымға шығарылуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдану болып табылады. Есiрткiнiң негiзгi ағыны республикаға iргелес мемлекеттерден заңсыз келiп түсетiнiн ескере отырып, республиканың кедендiк және мемлекеттік шекарасының оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс учаскелерiн, Алматы, Астана қалаларының халықаралық әуежайларын және Ақтау қаласының теңiз портын күшейту жөнiнде шаралар қабылдау керек. Шекара арқылы есiрткi партияларын заңсыз тасу және оларды республика аумағында тасымалдау кезiнде оларды табудың анағұрлым тиiмдi әдiсi иттерді пайдалану болып табылатынын практика көрсетiп отыр. Бiрiншi кезеңде құқық қорғау органдары есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі арнаулы бөлiмшелердi біліктi кинолог-мамандармен және сапалы дайындалған иттермен қамтамасыз ету мүмкiндігін алды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгінiң Кеден комитетi 2001 жылы Алматы қаласында Кинологиялық орталық ашты, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Iшкi iстер министрлігі қолда бар ведомстволық питомниктердi жаңғыртты, бұл есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрестi жоспарлы күшейтуге одан әрi ықпал етуi тиiс. Екiншi кезеңде осы мақсатта есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрестi жүзеге асыратын органдарда кинологиялық қызметтерді ұйымдастырушылық-кадрлық және техникалық нығайтуды жүзеге асыруға бағытталған қосымша шаралар қабылданатын болады. Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы (департаментi) жүргізген есiрткiге байланысты қылмыстар туралы ақпаратты жедел талдау негiзiнде есiрткi қылмысының серпiнiн, құбылу себептерiн зерделеу және оған қарсы iс-қимылдың тиiмдi шараларын әзiрлеу керек. Есiрткiге байланысты iстердi қарау бойынша көп құрамды аудандық соттарда судьяларды мамандандыруды енгізу процесi дамитын болады. Сонымен қатар IIМ Академиясының есiрткiнiң, психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдары мамандарының біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жөніндегі оқу орталығында кадрлардың мамандандырылған оқуы жоспарлануда. Заңсыз егiлетiн және жабайы өсетiн қарасора мен апиын көкнәрiн анықтау және құрту жөніндегі жыл сайынғы науқандар, олардың жасырын айналымға түсуiнiң жолын кесу мақсатында жалғаса беретiн болады. Осы мақсатта құрамында есiрткi бар өсiмдiктердiң өсуi және өсiрiлуi туралы деректер қорын құpy, мүдделi мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту керек. Есiрткiнiң заңсыз айналымын бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжiрибе алмасуды нығайту үшін ТМД елдерiнiң ғылыми-практикалық конференциясын өткізу керек. Халықаралық ұйымдар мен донор елдердi ecipткіге сұранысты қысқарту, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оңалту, есiрткiнiң заңсыз айналымының жолын кесу саласында перспективалы бағдарламалар әзiрлеу мен енгізуге техникалық көмек көрсетуi үшiн оларды кеңiрек тарту керек. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары оларды кезең-кезеңмен орындауды көздейдi. Iс-шаралардың кешендігі нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күресте мемлекеттік және жергілiкті билiк пен басқару органдарының қызметiн барынша үйлестiруге әрi мүмкiндiктерiн шоғырландыруға септiк жасайды. Жоспарланған iс-шараларды орындау Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын iске асырудың екiншi кезеңiн қамтиды. Бағдарлама нашақорлыққа және ecіpткі бизнесiне қарсы күрестiң қолданылып жүрген нысандары мен әдiстерiнiң тиiмдiлiгін арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiрудi одан әрi дамытуға және нығайтуға бағытталған. Бағдарламаның әкiмшісi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитетi болып табылады. Бағдарламаны iске асыруға республикалық және жергілiктi бюджеттерден бөлiнетiн барлық қаражат, сондай-ақ сыртқы техникалық көмек шеңберіндегі жабдықтар мен техника нақты iс-шаралардың орындалуына жауапты министрлiктер мен ведомстволарға берiлетiн болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |