|
|
|
Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2002 жылғы 9 ақпандағы № 860/45046040/02/08-20/1 келісім-шартқа сәйкес Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ядролық физика институты (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) үшiн "ТВЭЛ" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) қосымшаға сай номенклатурасы мен саны бойынша беретiн тың ядролық отынның Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат етiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетi және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тың ядролық отынның транзитін бақылауды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 842 қаулысына қосымша Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының ядролық институты (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) үшін "ТВЭЛ" ашық акционерлік қоғамы (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) беретін тауарлар саны
Жөнелту пункті: Новосибирск қаласы (Ресей Федерациясы). Баратын пункті: Ташкент қаласы (Өзбекстан Республикасы). Әуе көлігімен жылжу бағыты: Новосибирск - Қарағанды - Ташкент.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |