Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер ҚР Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығымен күші жойылды Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің біліктілігі жоғары, жаңа қоғамдық-экономикалық, құқықтық жағдайларға сай басшы кадрлар резервін дайындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (№ 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелері қосымшаға сай бекітілсін. 2. Ішкі істер бас басқармаларының, Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызмет бастықтары: 1) көрсетілген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын; 2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының ішкі істер органдарының басшы кадрларын және тәрбие аппараттарының мамандарын даярлау факультетіне (№ 1 факультет) оқуға үміткерлерді уақытында және сапалы іріктеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 202 "Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының Ішкіісминінің, ІІББ-нің, ІІБ-нің, КІІБ-нің және ҚАЖ-нің басшы құрамын даярлау факультетіне (№ 1 факультет) іріктеу мен қабылдау ережелерін бекіту туралы" бұйрығының күші жойылды деп есептелсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-Министрі ішкі қызмет генерал-майоры С.Н. Баймағанбетовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.
Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 487 бұйрығымен бекітілген Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|