|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанынан Шағын және орта бизнес
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 697 Қаулысымен күші жойылды
Президенттiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Шағын және орта бизнес мәселелерi жөніндегі комиссия құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi бiр ай мерзiмде шағын және орта бизнес мәселелерi жөніндегі комиссияларды құрсын. 4. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 7 тамыздағы № 883 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңес органы болып табылады және Президенттiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында құрылды. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес саласындағы қызметтi реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары 3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуына жәрдемдесу; 2) тиiстi мемлекеттік органдар үшiн салық ауыртпалығын азайту мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; 3) меншiктi және активтердi жария ету мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізу; 4) кредит ресурстарына қол жеткізудi жеңiлдету жөніндегі iс-шараларды жүргiзу жөнiнде ұсынымдар даярлау; 5) әкiмшiлiк рәсiмдер мен рұқсаттарды оңайлату мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу; 6) шағын және орта бизнестi қолдау аймақтық орталықтарын ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар жөнінде ұсынымдар әзірлеу; 7) ауылда шағын және орта бизнестi дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 8) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары үшiн шағын және орта бизнес мәселелерi жөнінде ұсынымдар әзiрлеу; 9) кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының сындарлы бастамаларын қолдау, әрбiр кәсіпкердің экономикалық дамыған мемлекеттi құрудағы және республика азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсендi өмiршең ұстанымын насихаттау; 10) Қазақстан Республикасы Yкіметінің және жергілiкті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызмет мәселелерi жөніндегі қаулылары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң жобаларын бастамашылықпен даярлау және қоғамдық сараптау; 11) шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғау жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге, үйлестiруге және iске асыруға жәрдемдесу; 12) жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметiн үйлестiру. ҚР Үкіметінің 10.11.03 ж. № 1120 қаулыcымен 4-тармақ өзгертілді 4. Комиссияның оған жүктелген мiндеттерге сәйкес негiзгi функциялары мыналар болып табылады: 1) шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік, аймақтық және салалық бағдарламаларын әзiрлеуге, үйлестiру мен iске асыруды қамтамасыз етуге қатысу; 2) аймақтардың өзектi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiн, олардың бiрлестiктерiн, одақтары мен қауымдастықтарын тарта отырып, оларды әзiрлеуге қатысу; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен шағын және орта бизнестiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын бастамашылықпен даярлауды және сараптауды жүзеге асыру; 4) Қазақстан Республикасының Yкіметі шешiмдерiнiң жобаларын даярлау мен шағын және орта кәсiпорындарға, кәсiпкерлердiң одақтарына, бiрлестiктерiне, қауымдастықтарына ұйымдастыру, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен шағын және орта бизнес өкiлдерiн тарту; 5) үкіметтік шешiмдердiң жобаларын даярлау кезiнде заңнамада белгіленген тәртіппен кәсiпкерлердiң пiкiрлерiн ескеру; 6) шағын және орта бизнестің салалық, кәсiптiк және аумақтық одақтарымен, қауымдастықтарымен және бiрлестiктерiмен, басқа да кәсiпкерлiк құрылымдармен өзара іс-қимыл жасасу; 7) шағын және орта бизнес саласында келісілген шешiмдер шығару және мемлекеттік саясатты жетiлдiру үшiн уәкiлеттi мемлекеттік органмен, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 8) тиiстi мемлекеттік органдар, кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдары өкiлдерiнiң, сондай-ақ кәсiпкерлердiң өздерiнiң қатысуымен тақырыптық отырыстар өткізу; 9) заңнамада белгiленген тәртiппен кәсiпкерлердiң мүдделерiн бiлдiру және заңды құқықтарын қорғау; 10) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияда жұмыс жасау үшін ғалымдардың, беделдi кәсіпкерлердің, басқару органдары өкiлдерiнiң және басқа да мамандардың iшiнен сарапшылар мен консультанттарды тарту; 11) белгiленген тәртiппен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпараттық, талдау, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік құқықтық кесiмдердi алу. 12) "Шағын бизнес саласындағы жылдың үздiк кәсiпкерлерi" республикалық конкурсының жеңiмпаздарын iрiктеудi жүргiзу 3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру 5. Комиссияны төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 87 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды (бұрынғы ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 87 (бұрынғы ред. қара) ;2005.08.04 № 321 (бұрынғы ред. қара) қаулылырамен 7-тармақ өзгертілді 7. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктеледi. 8. Комиссияның жұмыс органы: 1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады; 2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды; 3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi. 9. Комиссияның отырыстарында қарау үшiн мәселелер тiзбесi қажеттігіне қарай жасалады және оны төраға бекітедi. 10. Бекiтiлген тізбе Комиссия мүшелерiне тiзiм бойынша таратылады. 11. Комиссия отырыстарының нәтижелерi бойынша хаттама жасалады, оған төраға қол қояды. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен жай көпшiлiк дауыспен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшiлiк дауыс берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледі. 12. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатқа ие. 13. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiр білдiруге құқылы, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуге тиiс. 14. Комиссияның отырыстары қажеттiгiне қарай, бiрақ тоқсанына бiр реттен сирек емес жүргiзiледi және оларды төраға шақырады. Шұғыл шешiм қабылдау қажет жағдайларда, төрағаның шақыруымен Комиссияның кезектен тыс отырысы өткiзiлуi мүмкiн. 15. Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның отырыстарында сондай-ақ мүдделi мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да лауазымды тұлғалары, өтiнiштерi қаралатын кәсiпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерi қатысуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 87 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара) ҚР Үкіметінің 21.03.03 ж. № 285; 10.11.03 ж. № 1120 ; 2005.08.04 № 321 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 7 тамыздағы № 883 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Шағын және орта бизнес мәселелерi жөніндегi комиссияның құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi, төраға Дәрiбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және Мұрат Аманкелдіұлы сауда министрлігі Кәсiпкерлiктi дамыту департаментiнiң директоры Лавриненко - Қазақстан Республикасының Юрий Иванович Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Асанов - Қазақстан Республикасының Жақып Қажманұлы Әдiлет вице-министрi
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия және Иван Михайлович сауда бiрiншi вице-министрi, төрағаның орынбасары Баталов - Қазақстан кәсiпкерлерi форумы Райымбек Әнуарұлы кеңесiнiң төрағасы (келісім бойынша); Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер- Кәрiм Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, төраға Есенбаев - Қазақстан Республикасының Мәжит Төлеубекұлы Индустрия және сауда министрi Нығматулин - Қазақстан Республикасының Көлiк Нұрлан Зайроллаұлы және коммуникациялар вице-министрi Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы Ғани Нұрмаханбетұлы вице-министрi; Исаев - Қазақстан Республикасының Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Елекеев - Қазақстан Республикасының Әдiлет Ирак Қасымұлы вице-министрi Әбсәтiров - Қазақстан Республикасының Кеңес Ғарапұлы Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетiнiң төрағасы Нәубетова - Қазақстан Республикасының Рашида Аронқызы Президентi жанындағы Отбасы және әйелдер iстерi жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының сектор меңгерушiсi Абт - Қарағанды облысы кәсiпкерлерi Николай Викторович қауымдастығының президентi (келісім бойынша) Бекқожиева - Атырау облысы кәсiпкерлерi Әлия Байжанқызы қауымдастығының президентi (келісім бойынша) Дүйсембаев - Павлодар облыстық "Бизнес" Бақытриза қауымдастығының президентi Құлықбайұлы (келісім бойынша) Казанцев - Астана қаласы кәсiпкерлер Павел Олегович құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастығының президентi (келісім бойынша) Құрманғазин - "Көкжар" агроөнеркәсiптiк тауар- Есмұқан Ақнаурызұлы шикiзат биржасы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң президентi, Ақтөбе облысы (келісім бойынша) Махмұтова - Батыс Қазақстан облыстық "Шағын Шолпан Жұматайқызы бизнес орталығы" қауымдастығының директоры (келісім бойынша)
Оқаев - Қазақстан кәсiпкерлерi форумы Ермек Қабиұлы кеңесiнiң төрағасы (келісім бойынша) Райымов - Қызылорда облысы кәсiпкерлерi Ерлан Қаниұлы қауымдастығының президентi (келісім бойынша) Ямбаев - Алматы қаласы кәсiпкерлерi Виктор Вениаминович қауымдастығының вице-президентi (келісім бойынша) Рақышев - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп Хамит Қошанұлы палаталары одағының президентi (келісім бойынша) Үкіметінiң 2002 жылғы 7 тамыздағы № 883 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешімдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Шағын кәсіпкерлiкті дамыту жөнiндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 шiлдедегі № 935 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 298-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегі № 935 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 ақпандағы № 252 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 7, 93-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi № 935 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 наурыздағы № 355 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 11, 118-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi № 935 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 тамыздағы № 1116 қаулысы. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi № 935 және 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1691 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1654 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 47, 558-құжат). 6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi № 935 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 1 ақпандағы № 153 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 6, 48-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |