|
|
|
Гранттар тарту және пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 740 Қаулысымен күші жойылды
Халықаралық қаржы экономикалық ұйымдардан және донор-елдерден тартылатын гранттарды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ сыртқы ресурстарды басқару жүйесіндегі мемлекеттік басқару органдарының функцияларын реттеу қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Гранттар тарту және пайдалану ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі гранттар тарту және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асырушы уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметiнің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 886 қаулысымен бекітілген Гранттар тарту және пайдалану ережесi 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Гранттар тарту және пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) Дамуға Ресми Көмек (бұдан әрi - ДРК) шеңберiнде Қазақстан Республикасына гранттар тарту және пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Ереже ДРК шеңберiнде гранттар тарту мен үйлестiру процесiн реттеу әрi өтемсiз қаржылық және техникалық көмек жобаларын (бұдан әрi - жобалар) iске асыру кезiнде оларды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсаттарында әзiрленген. 3. Ереженің мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының ДРК шеңберiнде гранттар тартуы процесiнiң ашықтығын қамтамасыз ету; 2) жобаларды iске асыруды дайындау, бағалау, iрiктеу, iске асыру, оның мониторингi бойынша жүйелi жұмысты ұйымдастыру; 3) бюджеттік жоспарлау және гранттар тарту процесiнің өзара байланысын белгiлеу; 4) гранттар тарту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының функцияларын реттеу. 4. Ереже ДРК-ге жатпайтын iзгілік, қайырымдылық, азық-түлiктiк және басқа да көмек түрлерiн тарту мен бөлу рәсімдерiне қолданылмайды. 5. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) уәкiлеттi орган - гранттар тарту және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асырушы орталық атқарушы орган; 2) атқарушы агенттiк - ДРК шеңберiнде ұсынылған гранттар есебiнен жобаларды дайындауды және iске асыруды жүзеге асырушы мемлекеттік орган; 3) ДРК - экономикалық дамуға және жүргiзіліп жатқан реформаларға жәрдем беру мақсаттарында мемлекеттер, мемлекеттердің үкiметтерi, мемлекеттер үкiметтерiнің агенттiктерi, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдiк үкіметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар дамушы мемлекеттерге, олардың үкiметтерiне және мемлекеттік ұйымдарына көрсететiн көмек; 4) қаржылық көмек - инженерлiк жұмыстарға, құрылысқа, негiзгi құралдарды жаңартуға (сатып алуға) ақша ұсыну; 5) техникалық көмек - материалдық-техникалық, бағдарламалық қамтамасыз ету құрамдастарымен қоса зияткерлiк меншiктi беру (техникалық-экономикалық негiздемелердi, даму жоспарларын әзiрлеу); мемлекеттік мекемелердi институционалдық нығайту; нарықтық институттарды қолдау; адами ресурстарды дамыту (оқыту), ерiктiлер топтарын iссапарға жiберу; 6) донорлар - ДРК шеңберiнде гранттар берушi әрi қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтерi, мемлекеттер үкіметтерінің агенттiктерi, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдiк үкiметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар; 7) жобаны қисынды негiздеу - грант ұсынуға арналған өтiнiмдердi негiздеуге бағытталған, мәлiмделген жоба (қойылған мiндеттер, белгiлi бiр нәтижелер, iс-шаралар) құрылымын және одан күтiлетiн тиiмділіктi бағалауды қамтамасыз етушi құжат. 6. Бюджеттік жоспарлау және ДРК шеңберiнде өтемсiз көмек тарту процестерi арасындағы өзара қарым-қатынастардың сипатына қарай гранттар байланысты және байланыссыз болып бөлiнедi: 1) байланысты грант Қазақстан Республикасы ?кіметінің грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттік бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздейдi; 2) байланыссыз грант Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант ұсынатын донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттік бюджеттен бiрлесіп қаржыландыруды көздемейдi. 2-тарау. Гранттар тарту тәртібі 7. Жобаларды дайындау, бағалау, алдын ала iрiктеу жөніндегi iс-шараларды атқарушы агенттiктер жүзеге асырады. 8. Уәкілеттi орган жобаларды iрiктеу, бағалау және iске асыру мониторингi бойынша жұмыстарға әдiстемелiк басшылықты, оларды үйлестiрудi жүзеге асырады, сондай-ақ гранттар тарту мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен донорларға жүгiнедi. 9. Уәкілеттi орган гранттар ұсыну мәселелерi бойынша донорлармен келiссөз процесiн жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының ?кіметi мен донорлар арасында қаржылық және техникалық ынтымақтастық туралы негiзгi келiсімдердi дайындау, келiсу және оларға қол қою жөнінде белгiленген тәртiппен жұмыс жүргiзедi. 10. Жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган гранттар тарту және пайдалану саласында консультанттар мен сарапшылар тартуға құқылы. 11. Атқарушы агенттiктер уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес нысан бойынша толтырылған жобаларды iске асыру үшiн гранттар ұсынуға арналған өтiнiмдердi (бұдан әрi - өтiнiмдер) уәкiлеттi органға жiбередi. Уәкілеттi орган өтiнімдердi жинауды донорлар белгiлеген мерзімдерде, ал белгілi бiр донор болмаған жағдайда және байланысты гранттар жағдайында әрбiр қаржы жылының қаңтар айында жүргiзедi. 12. Уәкілеттi органның өтінімдердi қарауға қабылдауы үшiн мыналар қажет: 1) мәлiмделген жобалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында көрсетiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес болуы; 2) уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес жобаның қисынды негiздеуiнің және жоба жөніндегi құжаттаманың болуы; 3) жергiлiктi атқарушы орган өтiнiмдер ұсынған жағдайда тиістi орталық атқарушы органның салалық қорытындысының болуы; 4) атқарушы агенттiк тиiстi кезеңге бiрнеше өтінім берген жағдайда, мәлiмделетiн жобалардың басымдықтар бойынша қойылуы. 13. Атқарушы агенттiктің уәкiлеттi органның қарауына өтiнімдердi жiберуi оның донорлардың қарауына жiберу үшiн басым жобалар тiзiмiне міндеттi түрде енгiзiлетiнін бiлдірмейдi. 14. Уәкiлеттi орган мәлімделген жобаларды iрiктеудi және бағалауды жүргiзедi, соның негiзінде донорлардың қарауына, ал байланысты гранттар жағдайында - Республикалық бюджет комиссиясына (бұдан әрi - Бюджет комиссиясы) жiберу үшiн тиiстi кезеңге арналған басым жобалардың тiзiмiн қалыптастырады. 15. Уәкілеттi орган Бюджет комиссиясының қарауына байланысты гранттар ұсынуға арналған жобалардың тiзiмiн енгiзедi. 16. Бюджет комиссиясы байланысты гранттар ұсынуға арналған өтiнімдердi мақұлдаған ретте уәкілеттi орган донорға тиiстi сауал жiбередi. 17. Донор жобаны мақұлдаған жағдайда уәкiлеттi орган атқарушы агенттiкке грант туралы келiсімдi дайындау және келiсу жөнiнде жұмыстар жүргiзу қажеттігі туралы хабар бередi. 18. Байланысты гранттар тарту грант туралы әрбiр жеке келісім бойынша гранттың сомасы және республикалық бюджеттен бiрлесіп қаржыландырудың қажеттi көлемдерi көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi негiзінде жүзеге асырылады. 3-тарау. Гранттарды пайдалану тәртібі 19. Грант туралы келісім негiзінде атқарушы агенттiк қажеттi жағдайларда уәкiлеттi органмен, ал байланысты гранттар жағдайларында қосымша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен (бұдан әрi - Қаржы министрлігі) келісім бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен жоба бойынша шот ашады. 20. Атқарушы агенттiктер гранттар қаражатын грант туралы келісімге, донорлар белгiлеген рәсiмдерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланады. 21. Байланысты гранттарды пайдалану кезінде атқарушы агенттiк республикалық бюджеттен бiрлесіп қаржыландыру немесе грант ұсынған донордан қарыз тарту талап етiлетiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезінде Қаржы министрлігіне белгiленген тәртiппен бюджеттік өтiнімдер ұсынады. 22. Гранттар алушы атқарушы агенттiктер мыналарды қамтамасыз етедi: 1) грант туралы келісіммен көзделген және жобаларды табысты iске асыру үшiн қажеттi шарт болып табылатын өздерiне қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы орындалуы; 2) грант туралы келісім жасалған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес жобаны iске асырудың жоспар-кестесін уәкiлеттi органға ұсыну; 3) алынған гранттарды мақсатты және тиiмдi пайдалану. Бұл ретте гранттар есебiнен сатып алынған жабдық пен материалдар белгiленген тәртiппен атқарушы агенттiктің теңгерiмінде есепке алынады; 4) гранттар есебiнен сатып алынатын тауарлар импорты кезінде кедендік рәсімдердің уақтылы жүргізілуi; 5) iске асырылып жатқан жобалар бойынша есептердi уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей, тоқсанына бiр рет уәкiлеттi органға уақтылы ұсыну.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |