«Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан
ҚР Қаржы министрлігінің 2007.21.06 № 217 бұйрығымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Бухгалтерлік есепке алудың нормативтік базасын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген 4 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" бухгалтерлік есепке алу стандартына: стандарттың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Ақша қозғалысы туралы есеп"; стандарттың бүкіл мәтіні бойынша "ақша қаражатының", "ақша қаражаты", "ақша қаражатымен" деген сөздер "ақшаның", "ақша", "ақшамен" деген сөздермен ауыстырылсын; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "14. Шетелдік валютамен жасалатын операциялардан алынатын ақша қозғалысы операция жасалған күнге валюта айырбасының рыноктық бағамы қолданылып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгемен көрсетіледі.". Көрсетілген қаулымен бекітілген 9 "Шетелдік валютамен жасалатын операцияларды есепке алу" бухгалтерлік есепке алу стандартына: стандарттың бүкіл мәтіні бойынша "субъектілері", "субъектінің", "субъект", "нетто-инвестициялардың", "нетто-инвестициялар" деген сөздер "ұйымдары", "ұйымның", "ұйым", "таза инвестициялардың", "таза инвестициялар" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "шетелдік валютадағы операциялар және шетелдік бөлімшелердің ақшасын айырбастау нәтижесінде туындайтын түсімдер мен шығымдар ақшасының қозғалысы туралы есепке енгізу;". Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|