|
|
|
Астана қаласы жергілікті атқарушы органының орта мерзімді индекстелген ҚР Үкіметінің 08.04.03 ж. № 333 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы жергілікті атқарушы органының орта мерзімді индекстелген облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа шығару, өтеу және оған қызмет көрсету ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласы жергілікті атқарушы органының орта мерзімді индекстелген облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа шығару, өтеу және оған қызмет көрсету ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында Астана қаласы жергілікті атқарушы органының орта мерзімді индекстелген облигацияларын (бұдан әрі - облигациялар) шығару, орналастыру, айналысқа шығару, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібін анықтайды. 2. Облигациялар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру мақсатында Астана қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - Эмитент) шығарады. 3. Облигациялар құжатсыз нысанда шығарылады және атаулы купондық болып табылады. Облигациялармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және олар бойынша құқықтарды растауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Депозитарий) және Депозитарийдің депоненттері болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары жүзеге асырады. 4. Облигациялардың бастапқы құны - 100 теңге. Облигациялардың индекстелген бастапқы құны бастапқы құнның теңге девальвациясы (ревальвациясы) қарқынының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі. Девальвация (ревальвация) қарқынының коэффициенті (Кd) Қазақстан Республикасының Үлттық Банкі белгілеген АҚШ долларының ағымдағы бағамының (Xt) облигациялардың айналысы басталған күнгі ұқсас бағамға (Хо) қатынас ретінде есептеледі (Кd=Хt/Хо). 5. Облигациялардың айналыс мерзімі - бір жылдан он жылға дейін. Облигациялардың айналыс мерзімін тиісті эмиссия жарияланған кезде Эмитент белгілейді. Облигациялар бойынша сыйақы төлеуді облигациялар айналысының тиісті жылының бір жүз сексен екінші және үш жүз алпыс бесінші күнінде Эмитент жүргізеді. Сыйақыны соңғы рет төлеу облигацияларды өтеу күніне сәйкес келеді. 6. Әрбір эмиссия облигацияларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Эмитент бекіткен эмиссиялар өлшемдеріне сай бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган берген ұлттық сәйкестендіру нөмірі болады. 2. Облигацияларды шығару және орналастыру 7. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Эмитент жүргізетін конкурстың нәтижелері бойынша таңдалуы жүзеге асырылатын Андеррайтер облигацияларды бастапқы орналастыруды жүзеге асырады. 8. Облигацияларды бастапқы орналастыруды инвесторлардың - жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері арасында "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ) сауда жүйесі арқылы бастапқы құннан бастап сыйақы ставкасының өсуімен мамандандырылған сауда-саттық жүргізу жолымен Андеррайтер жүргізеді. Облигацияларды сатып алуға арналған өтінімдерді қанағаттандыру сыйақы ставкасының өсуі бойынша реттелген өтінімдер ведомосы негізінде Эмитенттің кесу бағасы бойынша Эмитент үшін қолайлы ставкалар мен көлемнің шамалары бойынша жүргізіледі. 9. Мамандандырылған сауда-саттықты жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-тың биржалық сауда ережесімен реттеледі. 10. Облигацияларды биржаның сауда жүйесі арқылы бастапқы орналастыру кезінде ақшалай есеп айырысу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-тың биржалық сауда ережесімен және Депозитарийдің Ережелер жиынтығымен анықталады. 11. Облигациялар эмиссиясының көлемін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жергілікті атқарушы органның қарыз алу шектеулері шегінде Эмитент белгілейді. Эмитент сауда-саттық өткізу күніне дейін 10 күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мамандандырылған сауда-саттықты өткізу күні, алдағы эмиссияның көлемі және облигацияларды бастапқы орналастыруға байланысты шығыстар туралы хабарлайды. Облигациялар бойынша сыйақы ставкасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіледі. 12. Эмитенттің Депозитариймен, "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-пен және Андеррайтермен өзара қатынастары олардың арасында жасалатын келісімдермен (шарттармен), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы Ережемен реттеледі. 13. Эмиссияның барлық облигацияларының айналысы сауда-саттық қорытындылары бойынша инвесторлар сатып алған облигациялардан түскен ақша Эмитенттің шотына түскеннен кейінгі күннен, "депо" шоттары бойынша жазбаларды жасау сәтінен басталады және облигацияларды өтеу күніне дейін үш жүмыс күні бұрын тоқтатылады. 14. Бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы облигациялармен жасалатын барлық операциялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Облигациялар бойынша төлемдер 15. Сыйақы есептеу "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ бастапқы орналастыру кезінде инвесторлар сатып алған облигациялар үшін Эмитенттің шотына ақша аударғаннан кейінгі күннен басталады және осы Ережеге сәйкес анықталатын сыйақы ставкасы бойынша өтеу күнін қоса алғанда, айналыс кезеңі бойы жүргізіледі. 16. Эмитент облигацияларды өтеуді өтеу күніне индекстелген бастапқы қүн бойынша тиісті эмиссия үшін белгіленген өтеу күнінде жүргізеді. Егер облигацияларды өтеу немесе сыйақы төлеу демалыс күніне сәйкес келген жағдайда, ол келесі жүмыс күні жүргізіледі. 17. Депозитарий сыйақы төлеу күніне және/немесе облигацияларды өтеу күніне дейін екі жүмыс күнінен кешіктірмей Эмитентке Депозитарийдің деректері негізінде қалыптасатын және сыйақы төлеу және өтеу жүргізілуі тиіс облигациялардың саны туралы мәліметтерді қамтитын облигацияларды үстаушылардың жиынтық ведомосын жібереді. 18. Эмитент облигациялардың бастапқы құнын өтеуді және сыйақы төлеуді Астана қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түскен соманы депоненттер арасында олар туралы деректерге сүйеніп, жиынтық ведомосқа сәйкес дербес үлестіретін Депозитарийдің шотына ақша аудару жолымен жүзеге асырады. 19. Облигацияларды өтегеннен кейін Эмитент 5 күннің ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне облигациялардың өтелгені туралы Депозитарийдің мәліметтерінің көшірмесін және жүргізілген өтеулерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 20. Эмитент сыйақыны есептеудің кезекті кезеңінде облигациялар іс жүзінде айналыста болған уақыты үшін сыйақыны төлеп, облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға құқылы. 21. Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу туралы шешімі Депозитарийге осындай өтеу күніне дейін 10 жүмыс күні бұрын хабарланады, ол өз кезегінде депоненттерге бұл туралы 5 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды. 22. Эмитент осы Ережеге сәйкес облигацияларға қызмет көрсету немесе оларды өтеу кезінде кез келген соманы төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін белгіленген мерзімдерде орындамаған жағдайда, ол мерзімі өткен әрбір күнге төлеуге жататын соманың 0,1% мөлшерінде айыппұл төлейді. 23. Эмитент облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа шығару, өтеу және оларға қызмет көрсету шарттарын бұзған кезде ол Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес жауап береді. 24. Облигациялармен жасалатын операциялар бойынша салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес анықталады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |