Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 600
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 28 қазандағы № 1147 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 600 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсін:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 28 қазандағы
№ 1147 қаулысына
қосымша
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 30 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген
Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің
2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
p/c N | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындау мерзімі |
| 1. Нормативтiк құқықтық базаны жетілдіру | |
1 2 3 | Жұмыс iстемейтiн кәсi- порындарды тарату және жалған кәсiпорындарды тiркеудiң алдын алу мақсатында заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу мәселелерiн реттейтiн нормативтік құқықтық кесiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Заңнамаға өзгерістер (толықтырулар) енгізу мақсатында трансферттiк бағаларды бақылау практикасын зерделеу және қорыту Валюталық заңнаманы жүйелеу | Бірлескен бұйрық Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру | | 2003 жылғы 1-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан 2003 жылғы 2-тоқсан |
| 2. Практикалық қызмет |
4 5 6 7 8 9 10 | | Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру Бірлескен бұйрық Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру | | 2002 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан 2003 жылғы 4-тоқсан 2002 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 1-тоқсан жарты жылдықта 1 рет жарты жылдықта 1 рет |
3. Салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
11 12 13 14 | | Үкіметке ақпарат беру Бірлескен бұйрық Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру | ҚарМ ҚПА, ҚарМ,ҚБА, ЕК (келісім бойынша) ҚарМ, ҚПА ҚПА, ҚарМ,ІІМ, ҰБ (келісім бойынша) | жарты жылдықта 1 рет 2003 жылғы 1-тоқсан 2003 жылғы 2-тоқсан жарты жылдықта 1 рет |
4. Сыртқы экономикалық қызмет және трансферттік баға белгілеу саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
15 16 17 18 | | Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру | | тоқсан сайын жарты жылдықта 1 рет жарты жылдықта 1 рет жарты жылдықта 1 рет |
5. Жалған және көпе-көрiнеу банкроттықпен байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
19 20 | Көпе-көрiнеу және жалған банкроттық фактiлерiнiң алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу бойынша мемлекеттік органдардың өзара iс-қимылы жөнiнде бiрлескен бұйрық әзiрлеу Жалған және көпе-көрiнеу банкроттық фактiлерiн анықтауға бағытталған бiрлескен iс-шараларды жүргiзу | Бірлескен бұйрық Үкіметке ақпарат беру | | 2002 жылғы 4-тоқсан жарты жылдықта 1 рет |
6. Акцизделетiн тауарлардың заңсыз өндірісіне және оларды сатуға байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
21 22 23 24 | "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрілуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегi Заңына және "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 маусымдағы № 846 қаулысына сәйкес алкоголь өнiмiн және этил спиртiн көтерме- бөлшек сатуды ретке келтiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу Бекiре тұқымдастары уылдырығының заңсыз айналымы фактiлерiнiң алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу мақсатында көктемгi және күзгi кезеңдерде iс-шаралар ұйымдастыру Акцизделетiн тауарлар жекелеген түрлерiнiң заңсыз айналымын болдырмау мақсатында оларды мiндетті түрде есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауды практикаға енгізу Акцизделетiн өнiмнiң заңсыз айналымын, акциздiк маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын жалған жасау және сату фактiлерiн, акцизделетiн өнiмдi шығарумен айналысатын жасырын цехтарды анықтау мен олардың жолын кесу жөніндегі бiрлескен жұмысты жандандыру | Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру | | 2002 жылғы 2-жарты жылдық жыл сайын 2 және 4- тоқсандарда 2003 жыл жарты жылдықта 1 рет |
7. Бюджет саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
25 26 27 28 29 30 | Бюджет қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiкті бюджеттерден берiлген кредиттердi, мемлекеттік кепілдiктерi бар мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды мақсаттан тыс пайдалануды болдырмау, анықтау және оның жолын кесу жөніндегі шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыру Мемлекеттік резервтен бөлiнетiн астықпен, жанармай-жағармай материалдарымен және басқа да стратегиялық маңызды шикiзат түрлерiмен байланысты талан-таражға салуды және өзге де құқық бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі iс-шараларды жүргiзу Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы және iшкi бақылау жүйесiн жетiлдiру жөніндегі, Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының рөлiн арттыру жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу туралы ақпаратты Үкiметке ұсыну Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы және iшкi бақылау стандарттарына әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу туралы ақпаратты Үкiметке ұсыну Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау Бюджет қаражатын, оның iшiнде мемлекеттік тапсырысты орналастыру, мемлекеттік сатып алу мен қарыз алуды жүзеге асыру кезiнде мақсаттан тыс әрi тиiмсiз және заңсыз пайдаланғаны үшiн мемлекеттік органдардың бiрiншi басшыларының жауапкершiлiгiн нақтылау және күшейту | Үкіметке есеп беру Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру | | 2002-2003 жылдардың 4-тоқсаны жыл сайын 3-тоқсанда 2003 жылғы 1-тоқсан 2003 жылғы 4-тоқсан 2002 жылғы 4-тоқсан 2003 жылғы 2-тоқсан |
8. Қаржы құралдары рыногындағы және электронды операциялар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес |
31 32 | Жалған ақша жасау фактiлерiнiң жолын кесу жөніндегі келісілген шараларды жүзеге асыру Бағалы қағаздармен, кредиттiк карточкалар- мен, чектермен, оның iшiнде халықаралық төлем жүйелерiнiң карточкала- рымен, чектерiмен жасалатын операцияларды, INTERNET желісі бойынша сауда мәмiлелерiн және т.б. жүзеге асыру кезіндегі құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі практиканы қорыту | Үкіметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру | ІІМ, ҚПА ҚПА, ІІМ, ҰБ (келісім бойынша) және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар | жарты жылдықта 1 рет 2003 жылғы 2-тоқсан |
9. Алдын алу қызметі |
33 34 35 | | жарты жылдықта 1 рет жарты жылдықта 1 рет жарты жылдықта 1 рет |
10. Құқық қорғау органдарының кадр саясатын жетілдіру |
36 37 | | Үкiметке ақпарат беру Үкіметке ақпарат беру | ҚПА ҚПА, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша) | 2002 жылғы 4-тоқсан жылына 1 рет |
11. Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық |
38 | | Үкiметке ақпарат беру | | 2003 жылғы 1-тоқсан |