|
|
|
«Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)»республикалық қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақ ақпарат агенттiгiн одан әрi дамыту, қазiргi заманғы менеджмент пен маркетинг негiзiнде оның бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)»республикалық қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)»ұлттық компаниясы ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қоғамның жарғысын бекiткен кезде ақпарат сипатындағы хабарламалар мен материалдарды жинау, өңдеу және тарату оның қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгiлесiн; 2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): осы қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: «Астана қаласы» деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-29-жолмен толықтырылсын: «21-29 «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)» ұлттық компаниясы ААҚ»; 2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-17-жолмен толықтырылсын: «224-17 «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)» ұлттық компаниясы ААҚ»; 3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: «Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары» деген бөлiміндегі реттiк нөмiрi 28-жол мынадай редакцияда жазылсын: «28. «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)»ұлттық компаниясы ААҚ»; 4) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |