|
|
|
Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу (ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1276 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 Қаулысымен күші жойылды
"Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1276 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды 1. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары білім беретiн білiм ұйымдарына оқуға түсу кезiнде бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан мынадай қабылдау квотасы белгiленсiн: 1) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға - 30 пайыз; 2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға - 2 пайыз. 3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз; 4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз. 2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |