|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: IV "Шығындар" деген бөлiмiнде: 12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық тобында: 1 "Автомобиль көлiгi" деген iшкi функциясында: 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" әкiмшiсi бойынша: 036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" деген бағдарламасында: 035 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесiн қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламасында "3112700" деген сан "2982700" деген санмен ауыстырылсын; 044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн көпiр" деген кiшi бағдарламасында "253000" деген сан "383000" деген санмен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасының 2002 жылға арналған паспортын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 25 қаңтардағы № 102 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармағының кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген 5-бағанында: "426" деген сан "464" деген санмен ауыстырылсын; 3) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 122 қаулысына: көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармағының кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген 5-бағанында: 1) тармақшада "2" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын; 3) тармақшада "2" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 7-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармағының кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген 5-бағанында: коды 035 "Астана-Бурабай автомобиль жолының телiмiн қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламасында: "құрылыс" деген сөз алынып тасталсын; мынадай сөздермен толықтырылсын: "- жол-құрылыс материалдарын дайындау."; коды 044 "Қызылорда қаласы маңындағы Сырдария өзенi арқылы өтетiн көпiр" деген кiшi бағдарламасында: "құрылыс" деген сөз алынып тасталсын; "45" және "10" деген сандар тиiсiнше "230" және "14" деген сандармен ауыстырылсын; 7-тармақта: 2) тармақша "- жол-құрылыс материалдарын дайындау" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшада "45" және "10" деген сандар тиiсiнше "230" және "14" деген сандармен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулыға 13-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармағының кестесiнде: "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген 5-бағанында: "- радиотехникалық бақылаудың 1 жылжымалы станциясы;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "- радиотехникалық бақылаудың 2 жылжымалы станциясы;"; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "- портативтiк iздестiру-өлшеу аспаптарының 10 жинақтауышы (көпфункционалдық тестiлеу қабылдағышы, портативтiк тестiлеу қабылдағышы, көпфункционалдық тестiлеу жиiлiк өлшегiшi, кеңейтiлген диапазонды радиостанциялар)."; 7-тармақта: төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "- радиотехникалық бақылаудың 2 жылжымалы станциясы;"; мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын: "- портативтiк iздестiру-өлшеу аспаптарының 10 жинақтаушы (көпфункционалдық тестiлеу қабылдағышы, портативтiк тестiлеу қабылдағыш, көпфункционалдық тестiлеу жиiлiк өлшегiшi, кеңейтiлген диапазонды радиостанциялар).". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |