|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.11.03 ж. № 1191 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 243-құжат): 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды тағайындау: Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына - екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарда көрсетілген сыйлықтар; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне - алтыншы, жетінші, тоғызыншы абзацтарда көрсетілген сыйлықтар жүктелсін."; 2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 550 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысында: 14-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын: "18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін аса көрнекті ғалымдардың атындағы сыйлықтарды тағайындау;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күші енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |