|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 5 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Yкіметінiң арасында ноталар алмасу нысанында келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 қыркүйектегi № 977 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсін: "Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкіметінiң грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Yкіметінiң арасында ноталар алмасу нысанындағы келісімнiң жобасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң Нотасы Сiздiң Жоғары мәртебелiңiз, Мәтiнi төменде келтiрiлген Сiздің бүгiнгi күнмен белгiленген Жоғары мәртебелі Нотаңызды алғандығымды растауға рұқсат етуіңізді сұраймын: "Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің өкілдері арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi әрі Жапония Үкіметінiң атынан мынадай келісімдердi ұсынуға рұқсат етуіңізді сұраймын: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру жөніндегі жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның қолданыстағы заңнамасына, нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне Y 467.000.000 (төрт жүз алпыс жеті миллион йен) мөлшерде грант (бұдан әрi - Грант) бөлiнсiн. 2. Грант, егер осы кезең уәкiлеттi екі үкiметтің өзара келісімдерi арқылы ұзармаған болса, осы келісім күшiне енген күн мен 2003 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде ұсынылады. 3. (1) Қазақстан Республикасының Үкіметі Грантты тек төменде аталған Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония бодандарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтерiн сатып алу үшiн пайдаланады (осы келісімде қолданылатын "бодандар" терминi жапондық бодандарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын - жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық бодандарға қатысты - қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды білдiредi): (а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi және оларды орналастыру үшін қажеттi жабдықтар; Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілеттi Елшiсi Жоғары мәртебелі Тосио ЦУНОДЗАКИFA (б) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары және оларды орналастыру үшiн қажетті қызметтер; (с) жоғарыдағы (а), (б) тармақтарында көрсетiлген өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн және ел iшiнде тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер. (2) Егер екi үкiмет қажет деп тапса, жоғарыдағы (1) тармақтың ережелерiне қарамастан, Грант жоғарыдағы (1) тармақтың (а) бөлiгінде көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылған өнiмдердi әрі (1) тармақтың (а), (б) және (с) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде сатып алуға берiлген қызметтердi пайдаланылуы мүмкiн. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органдары 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапондық бодандармен жапон йенiнде келісім-шарт жасасады. Жапония Үкіметі Грант үшiн ыңғайлы мұндай келісім-шарттар рeтінде бекiтуi тиiс. 5. (1) Жапония Үкіметі Грантты Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкiлеттi органдары 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекітілген келісім-шарттар (бұдан әрі - Бекiтiлген келісім-шарттар) бойынша алған мiндеттемелердi жабу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкiлеттi органы Жапония банкiнде белгiленген (бұдан әрi - Банк) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына ашылған шотқа жапон йенiмен төлемдер жасау жолымен орындайды. (2) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкiлеттi органы ақы төлеудi жүргiзу үшiн уәкiлдiк берген Банкке Жапония Үкіметіне төлем өтінішін берген кезде орындалады. (3) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген шоттың жалғыз мақсаты Жапония Үкіметінiң жапон йенiнде төлемдер алуы және Бекiтiлген келісім-шарттардың қатысушылары болып табылатын жапондық боданның ақы төлеуi болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебетке қатысты рәсiмдiк шаралар Банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ол уәкiлеттiк берген орган арасындағы консультациялар жолымен келісіледi. 6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметі мынадай шараларды: (а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша сатып алынған тауарларды уақытында кедендiк ресiмдеудi және iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету; (б) жапондық бодандарды Бекiтiлген келісім-шарт бойынша өнiмдердi жеткiзу мен қызметтерге байланысты Қазақстан Республикасында салынатын кедендiк баж, iшкi салықтар және өзге де қаржылық алымдардан босату; (с) Бекiтiлген Келісім-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын жапондық бодандарға өз жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және оның аумағында болу жағдайларын қамтамасыз ету; (д) Грант бойынша сатып алынған тауарлардың жобаны iске асыру мақсатында тиесiлі және тиiмдi ұсталатынын және пайдаланылатынын қамтамасыз ету; (e) Грантпен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығыстарды көтеру үшiн қажет шараларды қолданады. (2) Грант бойынша сатып алынған тауарларды жөнелтудi және теңiздiк тасымал сақтандыруына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды жөнелту және теңiздiк тасымалдау сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады. (3) Грант бойынша сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан қайта экспортқа шығарылмайды. 7. Осы келісімдерге байланысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша екi үкiмет бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi. Осы Нота мен Сiздің Жоғары мәртебеңiз Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан жоғарыда келтiрiлген келісімдi растайтын жауап Нотаңыз Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келісім күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi үкiмет арасындағы бекітілген Келісім болып саналатындығын ұйғаруға маған құрмет көрсетiңiз. Сiздiң Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң терең құрметiме сенiм бiлдiру мүмкiндiгiн пайдалануыма рұқсат етiңiз." Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан жоғарыда көрсетілген келісімдi растауға және Сiздің Жоғары мәртебелi Нотаңыз және осы Нота Жапония Yкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келісім күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетін екi үкiмет арасындағы бекітілген келісім болып саналатындығына келісімiмдi бiлдiрудi құрмет тұтамын. Сiздiң Жоғары мәртебеңiзге өзiмнің терең құрметiмдi бiлдiру мүмкiндiгiн пайдалануыма рұқсат етiңiз. Қасымжомарт ТОҚАЕВ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Нотасы Сiздiң Жоғары мәртебелiңiз, Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің өкілдері арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi әрі Жапония Үкіметінiң атынан мынадай келісімдердi ұсынуға рұқсат етуіңізді сұраймын: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру жөніндегі жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның қолданыстағы заңнамасына, нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне Y 467.000.000 (төрт жүз алпыс жеті миллион йен) мөлшерде грант (бұдан әрi - Грант) бөлiнсiн. 2. Грант, егер осы кезең уәкiлеттi екі үкiметтің өзара келісімдерi арқылы ұзармаған болса, осы келісім күшiне енген күн мен 2003 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде ұсынылады. 3. (1) Қазақстан Республикасының Үкіметі Грантты тек төменде аталған Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония бодандарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтерiн сатып алу үшiн пайдаланады (осы келісімде қолданылатын "бодандар" терминi жапондық бодандарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын - жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық бодандарға қатысты - қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды білдiредi): (а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi және оларды орналастыру үшін қажеттi жабдықтар; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрі Жоғары мәртебелi Қасымжомарт ТОҚАЕВҚА (б) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары және оларды орналастыру үшiн қажетті қызметтер; (с) жоғарыдағы (а), (б) тармақтарында көрсетiлген өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн және ел iшiнде тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер. (2) Егер екi үкiмет қажет деп тапса, жоғарыдағы (1) тармақтың ережелерiне қарамастан, Грант жоғарыдағы (1) тармақтың (а) бөлiгінде көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылған өнiмдердi әрі (1) тармақтың (а), (б) және (с) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде сатып алуға берiлген қызметтердi пайдаланылуы мүмкiн. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкілетті органдары 3-тармақта көрсетiлген өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапондық бодандармен жапон йенiнде келісім-шарт жасасады. Жапония Үкіметі Грант үшiн ыңғайлы мұндай келісім-шарттар рeтінде бекiтуi тиiс. 5. (1) Жапония Үкіметі Грантты Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкiлеттi органдары 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекітілген келісім-шарттар (бұдан әрі - Бекiтiлген келісім-шарттар) бойынша алған мiндеттемелердi жабу үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкiлеттi органы Жапония банкiнде белгiленген (бұдан әрi - Банк) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына ашылған шотқа жапон йенiмен төлемдер жасау жолымен орындайды. (2) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның уәкiлеттi органы ақы төлеудi жүргiзу үшiн уәкiлдiк берген Банкке Жапония Үкіметіне төлем өтінішін берген кезде орындалады. (3) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген шоттың жалғыз мақсаты Жапония Үкіметінiң жапон йенiнде төлемдер алуы және Бекiтiлген келісім-шарттардың қатысушылары болып табылатын жапондық боданның ақы төлеуi болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебетке қатысты рәсiмдiк шаралар Банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ол уәкiлеттiк берген орган арасындағы консультациялар жолымен келісіледi. 6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметі мынадай шараларды: (а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша сатып алынған тауарларды уақытында кедендiк ресiмдеудi және iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету; (б) жапондық бодандарды Бекiтiлген келісім-шарт бойынша өнiмдердi жеткiзу мен қызметтерге байланысты Қазақстан Республикасында салынатын кедендiк баж, iшкi салықтар және өзге де қаржылық алымдардан босату; (с) Бекiтiлген Келісім-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын жапондық бодандарға өз жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және оның аумағында болу жағдайларын қамтамасыз ету; (д) Грант бойынша сатып алынған тауарлардың жобаны iске асыру мақсатында тиесiлі және тиiмдi ұсталатынын және пайдаланылатынын қамтамасыз ету; (e) Грантпен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығыстарды көтеру үшiн қажет шараларды қолданады. (2) Грант бойынша сатып алынған тауарларды жөнелтудi және теңiздiк тасымал сақтандыруына қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды жөнелту және теңiздiк тасымалдау сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруi мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгiлеуден бас тартады. (3) Грант бойынша сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан қайта экспортқа шығарылмайды. 7. Осы келісімдерге байланысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша екi үкiмет бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi. Осы Нота мен Сiздің Жоғары мәртебеңiз Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан жоғарыда келтiрiлген келісімдi растайтын жауап Нотаңыз Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Келісім күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi үкiмет арасындағы бекітілген Келісім болып саналатындығын ұйғаруға маған құрмет көрсетiңiз. Сiздiң Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң терең құрметiме сенiм бiлдiру мүмкiндiгiн пайдалануыма рұқсат етiңiз. Тосио ЦУНОДЗАКИ Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшiсi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |