|
|
|
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан 1-бап. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Рсспубликасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж. № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат, 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс". 2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |