|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 8-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігімен және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігімен бірлесіп, рұқсаттық құжаттары жоқ түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункттері қызметінің жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын және олардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат беріп отырсын"; 2) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |