Қазақстан Республикасының әділет вице-министрінің Қазақстан 304-II Заңына түсініктемесі Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылдың наурыз айында "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Мемлекетіміздің даму тарихында тұңғыш рет әділет органдары туралы арнайы заң қабылданды. Соңғы кездегі республиканың құқық қорғау және құқық қолдану құрылымдарындағы өзгертулер тұрғыcынан аталмыш заң аса өзекті болып отыр. Оның бірнеше себептері де бар. Министрліктің "Қазпатент" кәсіпорны мен Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі комитеттің бірігуі негізінде Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі жаңа комитет құрылды. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру міндеті де Әділет министрлігіне жүктелген болатын. Осыған орай, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттік Әділет министрлігінің құзырына беріліп, атауы комитет болып өзгерді. Ең соңғы өзгеру елдің пенитенциарлық жүйесінің ІІМ-нен Әділет министрлігінің қарамағына өтуі болды, ендігі жерде оның жүздеген офицерлері азаматтық ведомствоның қызметкерлері санатына қосылды. Реформалаудың осы қадамдарының баршасы заң арқылы әділет жүйесі қызметкерлерінің мәртебесін нығайту, Әділет министрлігінің міндеттері мен қызметтерін заңдық айқындау қажеттілігін туындатып отыр. Заңның 1-бабында атап көрсетілгендей "Қазақстан Республикасының әділет органдары, өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады". Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|