Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы
2003 ж. 3 маусымдағы № 422-II ҚР Заңымен келісім бекітілді 2003 жылғы 14 қарашада күшіне енді
Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы 2001 жылғы 15 маусымдағы Шанхай конвенциясының Тараптары болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрi - Тараптар), халықаралық бейбiтшiлiкті, қауiпсiздiктi және көршiлiк тату және достық қарым-қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдауға қатысты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптерiн басшылыққа ала отырып, терроризм, сепаратизм және экстремизмнiң халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына, сондай-ақ адамдардың негiзгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына қауiп төндіретiндігін жете түсiнiп, Тараптардың аумақтық, тұтастығын, қауiпсiздiгін және тұрақтылығын, оның iшiнде терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрестi ынтымақтастықты күшейту жолымен қамтамасыз ету мүдделерiнде өзара келісілген iс-әрекеттер қажеттiлiгiне көз жеткiзе отырып, 2001 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы декларацияға, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына (бұдан әрi Конвенция) және 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясына сүйене отырып, төмендегілер туралы келiстi: Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн төмендегi ұғымдар мынаны бiлдiредi: лауазымды адам - АТҚҚ-ның Атқарушы комитетiне жұмыс iстеу үшiн Тарап жiберген және тиiстi штаттық лауазымға Директор тағайындаған адам; өкiл - жiберушi Тарап осы тұрғыда АТҚҚ-ның Кеңесiнде iс-әрекет ету мiндетiн жүктеген адам; қызметкер - өкiлдiң қызметiмен байланысты функцияларды орындау үшiн Тарап жiберген адам; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|