|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 671, 672, 673, 674, 674-1, 675, 676-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөнiндегі агенттiгiнiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 671-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 671-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгі _________________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) 2003 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 33600 мың теңге (отыз үш миллион алты жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 21-, 22-, 23-, 24- және 25-баптары; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын органдар қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесiн әрi қарай оңтайландыру жөніндегі iс-шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 111 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы; "Штат саны лимитiн бекіту туралы" 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды неғұрлым тиiмдi орындауына қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігi аппаратының қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігi аппаратын ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігіне жүктелген функцияларды сапалы және өз мерзімінде орындау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 672-қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгі __________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) 2003 жылға арналған 010 "Кадрлардың бiліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 197 мың теңге (бip жүз тоқсан жетi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізі: "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігінiң мәселелері" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 111 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өздерiнің қызметтiк мiндеттерін тиiмдi орындау және кәсіптік шеберлiгін жетiлдіру үшін кәсіптік қызмет аумағында қойылатын бiліктiлік талаптарына сәйкес бiлім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білiмдi жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік қызметшілердің кәсiптік біліктілігін арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға және мемлекеттiң ресурстық мүмкiндiктерiне сәйкес мемлекеттік қызметшiлердi сапалы оқытудың түзу жүйесiн қалыптастыру және дамыту жолымен мемлекеттік қызметшiлердiң кәсіптiк деңгейiн көтеру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 673-қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгі __________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) 2003 жылға арналған 032 "Мемлекеттік резервтi сақтау" Республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 500 000 мың теңге (бес жүз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы; Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 571-33 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сақтау нормаларына сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақтау режимi талаптарын сақтай отырып сақталуын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік материалдық резервке 12 сақтау филиалдарына сақтауға салынған материалдық құндылықтардың сан және сапа жағынан сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 674-қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгі __________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) 2003 жылға арналған 033 "Жұмылдыру резервiн қалыптастыру" Республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 100000 мың теңге (бiр жүз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы, Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 16 қыркүйектегi № 944 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: соғыс уақытындағы жұмылдыру кезеңiнде жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын қорландыру және қалыптастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жұмылдыру резервiнің материалдық құндылықтарының қорлануын және өз мерзiмiнде толықтырылуын қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жұмылдыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларында материалдық құндылықтар мөлшерінің (кезең-кезеңмен) жинақталуы. Жұмылдыру кезеңiнде Қарулы Күштердің, өзге әскерлер мен әскери құрылымдардың, шаруашылық кешенi мен халықтың жедел қажеттерiн неғұрлым толық және орнықты қамтамасыз етуге мемлекет экономикасын алдын ала әзiрлеу. ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 674-1-қосымшамен толықтырылды (құпия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 675-қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгі __________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) 2003 жылға арналған 500 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгінe ақпараттық-есептеу қызметiн көрсету" Республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2100 мың (екi миллион бiр жүз мың) теңге. 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жетiлдiру, бюрократизмге қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шілдедегi № 427 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 111 Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: есептеу және ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: компьютерлiк жабдықтарды және ұйымдастыру техникасын жұмыс iстейтiн қалпында ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: ақпарат алу және алмасу жеделдiгiн арттыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі қызметiне есептеу техникасы құралдарын сәтті енгізу, ақпараттық ресурстарды мерзiмiнде жаңарту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 676-қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгі __________________________________________________________ (бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) 2003 жылға арналған 600 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгiн есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету" Республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2000 мың теңге (екi миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жетiлдiру, бюрократизмге қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегі № 427 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігiнің мәселелерi" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 111 Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік резервтердің есебi жөніндегі ақпараттық инфрақұрылым құру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қазiргi заманғы компьютерлiк жабдықтарды және ұйымдастыру техникасын сатып алу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік резервтiң есебiн автоматтандыру, деректердi өңдеу уақытын қысқарту және оларды сенімді сақтау; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттiгін қазiргi заманғы жабдықпен қамтамасыз ету (толық жинақтылау).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |