|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 630, 631, 632, 633, 634-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 630 қосымша Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2003 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 803856 мың теңге (сегiз жүз үш миллион сегiз жүз елу алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 наурыздағы № 325 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы № 577 қаулысы; "Смета бойынша тиiстi органды ұстауға арналған қаражатты үнемдеу есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы; "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларын барынша тиiмдi орындауға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн, ауылдық округтердегi статистиктердiң сенiмдi бастапқы статистикалық есептіліктi жинауын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi мен оның аумақтық бөлімшелерінің орталық аппараттарын ұстау, бастапқы мемлекеттік статистикалық есептіліктiң дұрыстығын көтеру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелген функциялардың сапалы және уақытында орындалуы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 631 қосымша Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2003 жылға арналған 010 "Кадрлардың білiктілiгiн арттыру және оларды қайта даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 4019 мың теңге (төрт миллион он тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3-бабы; "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттiгінiң кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілiгiн арттыру институтын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 қаңтардағы № 19 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгiн жетілдiру үшiн қойылатын білiктілік талаптарына сәйкес кәсiптік қызмет саласындағы оқыту бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімiн, iскерлiгiн және дағдысын жаңарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктілігiн арттыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға және мемлекеттің ресурстық мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіптiк мемлекеттік қызмет талаптарына жауап беретiн мемлекеттік қызметшілерді сапалы оқытудың үйлесiмдi жүйесiн қалыптастыру және дамыту жолымен мемлекеттік қызметшілердiң кәсiптiк деңгейiн арттыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 632 қосымша Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2003 жылға арналған 031 "Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасын құру" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1112483 мың теңге (бiр миллиард жүз он екi миллион төрт жүз сексен үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 мамырдағы № 577 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегі комитетінің "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi № 910 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгi Ақпараттық-баспа орталығы" "Қазстатақпарат" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық, экологиялық дамуы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базаларын құру және осы деректер негiзiнде пайдаланушыларды жедел әрі дұрыс статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: статистикалық есептілік және сұрақтама бланкiлерiн дайындау, көбейту және тарату, статистикалық есептілікті электрондық тасымалдаушыларға енгізу, статистикалық деректердi аймақтық және республикалық деңгейде өңдеу, сапасын бақылау және жіберу; ақпараттық-статистикалық деректер базасын қалыптастыру; дайындалған ақпаратты алу; оны электрондық түрде және жарияланым түрiнде тарату. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сапалы және белгiленген уақытта пайдаланушыларды статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету, құру, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, республиканың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық-статистикалық деректер базасын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 633 қосымша Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2003 жылға арналған 500 "Мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйелерiн сүйемелдеу" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 81000 мың теңге (сексен бiр миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінiң Статистика және талдау жөніндегі комитетiнiң "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын құру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистика органдары ақпараттық жүйесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, статистикалық есептіліктi өңдеу мерзiмдерiн қысқарту, өңделетiн ақпараттар көлемiн ұлғайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Агенттiктiң барлық құрылымдық бөлiмшелерiнде, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдарда жергiлікті есептеу желiсiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; есептеу техникасының барлық құралдарын орнату және техникалық қызмет көрсету; статистикалық есептілік деректерiн өңдеудiң қазiргi заманғы ақпараттық технологияларын енгізу; статистикалық деректер базасын жобалау, енгізу және жүргiзу, телекоммуникациялық арналар арқылы статистикалық деректердi қабылдау және жiберудi қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сапалы және белгіленген уақытқа статистика органдары ақпараттық жүйесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, есептеу техникалары мен желiлердiң құралдарын техникалық қамтамасыз ету, қазiргі заманғы ақпараттық технологияны енгізу, статистикалық өндірістiң барлық кезеңдерiн қамтамасыз ету, Агенттiктiң деректер беру желiсiнiң "аудан-облыс-орталық" схемасы бойынша жұмыс iстеуi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 634 қосымша Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2003 жылға арналған 600 "Мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйелерiн құру" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны: 35000 мың теңге (отыз бес миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетiлдiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1180 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйесiн республикалық және аймақтық деңгейде күшейту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: статистиканың аймақтық бөлiмшелерiнiң техникалық жарақтану дәрежесiн көтеру және қолда бар жергiлiктi есептеу желiлерiн жаңғырту: Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттiгiнiң корпорациялық желiсi құрамында ұжымдық кіру мүмкіндігі бар жоғары өнімді серверлік орталық құру; республикалық деңгейде статистикалық деректер базасын мамандандырылған сақтау орнын құру; деректер алмасудың жоғары жылдамдығы мен сенiмділігін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу үшін негіз құру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: статистиканың аймақтық бөлiмшелерiн техникалық қосымша жарақтандыру статистикалық ақпаратты жинау мен өңдеудiң жаңа технологияларын енгізуге мүмкiндiк бередi, бөлiнген деректер базасын енгізу мүмкiн болады, дербес компьютерлермен жарақтану көтерiледi, облыстық басқармалардың жергiлiктi желiсiне статақпараттар өңделетiн барлық жұмыс орындары қосылатын болады, қуатты сервердi iске қосу Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттiгiнiң есептеу ресурстарын едәуір арттырады, статистикалық деректердi өңдеудiң ең жоғары жылдамдығын, деректер базаларын басқару жүйесiнiң реляциялық моделiн жүзеге асыру және оларды қорғау мүмкіндігін
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |