|
|
|
Қазақстан Республикасы Энертетика және минералдық ресурстар (Бұр. ред. қара) Оны иелену мен пайдалану құқықтары мұнай-газ жобалары бойынша мердiгерлерге берілуi тиiс мемлекеттік мүлiктiң бухгалтерлiк есебiн жүргiзудi және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейiн мердiгерлер мемлекетке беретiн мүлiктi есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Астана қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң "Мұнай-газ капиталы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн: 1) "Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны бойынша өнiмдi бөлу туралы түпкiлiктi келісімнің кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 14 қарашадағы № 1568 қаулысы 4-тармағының 1) және 3) тармақшалары алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерi мынадай мазмұндағы бөлiммен және жолмен толықтырылсын: "12. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай-газ капиталы 16"; 3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |