Мiндеттi сақтандыру түрлерiнiң оңтайлы тізбесiн бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 21 наурыздағы № 38-ө өкімі
Міндетті сақтандырудың түрлерін енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында:
Қоса беріліп отырған Міндетті сақтандыру түрлерінің оңтайлы тізбесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 21 наурыздағы
№ 38 өкімімен
бекітілген
Мiндеттi сақтандыру түрлерiнiң оңтайлы тізбесi
Р/с N | Мiндеттi сақтандыру түрінің атауы | Орындаушы |
1. | Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) |
2. | Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық- құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) |
3. | Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) |
4. | Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
5. | Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі |
6. | Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. | Турагенттiктер мен туроператорлардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi |
8. | Қызметкерлер еңбекте қызмет мiндеттерiн орындауы кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына нұқсан келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі |
9. | Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
10. | Қызметi үшiншi тұлғаларға нұқсан келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық- құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
11. | Мiндеттi медициналық сақтандыру туралы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) |