|
|
|
Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша (2006.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi; 2) өкiлдiк шығындардың нормалары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысымен бекітілген Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 (бұр. ред. қара); 2005.12.08 № 835 (бұр.ред.қара); 2006.22.12. № 1240 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Өкiлдiк шығындар - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi шетелдiк делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми iс-шаралар өткізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің, халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін, республикалық бюджет есебінен ұсталатын органдардың лауазымды тұлғаларының шетелдiк сапарлары кезіндегi өкiлдiк мақсаттарға бөлінетін қаражат. Осы тармақтың үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, өкілдік шығындарға: 1) Іс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге; 2) ресми қонақасыға, кешкi астарға, кофе-брейктерге, фуршеттерге; 3) ресми қабылдаулар өткізу кезіндегi музыкалық сүйемелдеуге; 4) кәдесыйлар, ескерткiш сыйлықтар сатып алуға; 5) автокөлiктiк қызмет көрсетуге; 6) аудармашылардың қызметiне ақы төлеуге; 7) залды жалға алуға арналған шығындар; 8) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі рұқсат еткен өзге де шығыстар жатады. Халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін, республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының өкілдік шығындарына: 1) автокөліктік қызмет көрсету; 2) аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеу жатады.
2. Республикалық бюджеттің өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн қаражатын пайдаланудың тәртібі 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негiзінде және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өкiлдiк шығындарға көзделген қаражат көлемiне сүйене отырып, Өкiлдiк шығындарды талап ететiн жылдық Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрi - Жоспар) жасайды. Мемлекеттік органдардың ұсыныстары негiзiнде күтпеген iс-шараларды өткізудiң саяси мәндiлiгi мен бөлiнген қаражат көлемiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Жоспарды жыл бойы түзете алады. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң республикалық бюджетте өкiлдік шығындарға көзделген қаражатты бөлу туралы өтiнiштерiн: 1) iс-шараны өткізу қажеттiгiнiң негiздемесi; 2) деңгейi мен форматы бойынша делегацияның болу бағдарламалары; 3) iс-шаралар дайындау мен өткізудiң жұмыс жоспары; 4) iс-шараға қатысушылардың iс жүзiндегi санын растайтын құжаттар; 5) шығыстардың әрбiр ерекшелiктерi негiзделген қаржыландыру жоспарлары; 6) осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес Жоспарда тиiстi iс-шара болған кезде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі қарайды. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерi өкiлдiк шығыстарды өтеу үшiн қаражат бөлу туралы өтiнiш жасаған кезде нақты шығыстарды растайтын құжаттарды (түбiртектердi, шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды) тапсыру қажет. 5. Осы Ереженiң 2-тармағының 3), 4), 7) тармақшаларында белгіленген өкiлдiк шығындар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi көрсетiлген тауарлар мен қызметтердi ұсынатын ұйымдардың тауарлары мен қызметтерiнiң құнын, сондай-ақ деректемелерiн көрсете отырып, заңнамада белгiленген тәртiптiң сақталуын растайтын құжаттарды ұсынады. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Жоспар және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң өтiнiшi негiзiнде осы қаулымен бекітілген өкiлдiк шығындардың нормаларына сәйкес қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялауға және демаркациялауға, Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесi мен трансшекаралық өзендердiң су ресурстарын ұтымды пайдалануға қатысты мәселелерге байланысты өкiлдік шығындарды қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне өкiлдiк шығындарға арналған қаражат бөлудi жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 (бұр. ред. қара); 2005.12.08 № 835; 2006.22.12. № 1240 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің шешiмiмен ресiмделетiн іс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары кезiндегi өкiлдiк мақсаттарға қаражат бөлу, сондай-ақ халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін, республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына автокөліктік қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтеріне ақы төлеуге қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шешiмiмен ресiмделедi. Өкiлдiк шығындарға қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмдерi жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады. Объективтi себептерге орай, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмдерiн жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, белгiленген тәртiппен өкiлдiк шығыстарды өтеу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмдерi қабылдануы мүмкiн. 8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмi негiзiнде заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 (бұр. ред. қара); 2006.22.12. № 1240 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді 9. Қазақстан Республикасы Президентiнің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелдiк сапарлары, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберу кезінде өкiлдiк шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі бөлiнген қаражатты айырбастау үшiн Астана қаласының қазынашылық басқармасында валюталық шот ашады; Астана қаласы қазынашылық басқармасының өтінiшi бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық филиалы шетел валютасын айырбастауды жүргізедi және оның корреспонденттік (валюталық) шотына аударады; Астана қаласының қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық филиалы көшiрме үзiндiсiнің негiзiнде шетел валютасын Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің валюталық шотына есептейдi; Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі ай сайын 10-күніне дейiн Астана қаласының қазынашылық басқармасына тиiстi айға арналған жоспарлы тағайындауларға баламалы сомада келесi күнтiзбелiк айға қолма-қол шетел валютасын алуға өтiнiм жолдайды; өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты бөлу туралы қабылданған шешiмнің негiзiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі ресми делегацияның құрамына кiретiн адамдарды көрсете отырып, қолма-қол шетел валютасын алуға арналған сенiмхатты беру үшiн Астана қаласының қазынашылық басқармасына хат жолдайды. Астана қаласының қазынашылық басқармасы Сыртқы істер министрлігінiң хатында көрсетiлген адамға Ұлттық Банктің Астана қаласындағы орталық филиалынан қолма-қол шетел валютасын алуға сенiмхат бередi. 10. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі өкiлдiк шығындарға бөлiнетiн қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 (бұр. ред. қара); 20.10.04 ж. № 1080; 2006.22.12. № 1240 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді 11. Өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты алған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi көрсетiлген қаражаттың пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есептi, ал өкiлдiк шығындарға арналған қаражатты алған адамдар iс-шаралар өткiзiлгеннен кейiн 15 күнтiзбелiк күн iшiнде тиiстi тауарларды сатқан, жұмыстарды атқарған және қызметтер көрсеткен ұйымның мөрiмен куәландырылған сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң құны мен көлемiн көрсете отырып, растайтын құжаттарды (түбiртектердi, есеп-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне ұсынуы тиiс. Осы Ереженiң 9-тармағында белгiленген тәртiппен бөлiнетiн қаражат бойынша есеп беретін адам iс-шаралар өткiзiлгеннен кейiн 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң валюталық шотына пайдаланылмаған ақшаның сомасын қайтарады және оған Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының шетелге сапары кезiнде Қазақстан Республикасы Президентi Протоколының Бастығы бекiткен немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің шетелге сапары кезiнде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары, республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бекiткен, елтаңбалық мөрмен расталған өкiлдiк мақсаттарға арналған шығындар жөніндегi актiнi, сондай-ақ қолма-қол қаражатты қайтару туралы түбiртектi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық филиалының кiрiс ордерiн тапсырады. 12. Өкiлдiк шығындарға бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы үшiн жауапкершiлiк республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне жүктеледi. Yкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 09.02.04 ж. № 152 қаулысымен нормалар өзгертілді (бұр. ред. қара) Өкiлдiк шығындардың НОРМАЛАРЫ
Ескерту: 1. Ресми түстiктердi, кешкi астарды беру кезiнде Қазақстан Республикасының тарапынан қатысушылардың саны шетелдiк делегациялардың тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиiс. 2. Делегацияның құрамы 5 адамнан артық болған кезде делегацияға қызмет көрсететiн iлесiп жүретiн адамдар мен аудармашылардың (ілеспе аудармадан басқа) саны делегацияның 5 мүшесіне 1 аудармашы немесе бірге жүруші есебімен айқындалуы тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |