|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы N
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiнде: 10-1 және 13-тармақтар алынып тасталсын. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 288 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен және бруцеллезбен ауруының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 1999-2003 жылдар кезеңiне арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 60-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 9 желтоқсандағы № 1886 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 536-құжат). 3. "Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауiптi зиянкестерi мен ауруларының жаппай көбеюi мен таралуының алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі республикалық бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 22 мамырдағы № 772 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 269-құжат). 4. "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң гендiк қорын сақтаудың, дамыту мен пайдаланудың 2001-2005 жылдарға арналған" республикалық мақсатты бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 1 тамыздағы № 1167 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 398-құжат). 5. "Қазақстан аймақтары бойынша 2001-2005 жылдары ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндіруді, қайта өңдеудi және сақтауды ғылыми қамтамасыз ету" салалық ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1378 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 466-құжат). 6. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 9 наурыздағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 29 қарашадағы № 1546 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 41-42, 530-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |