|
|
|
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысына ҚР Үкіметінің 2005.04.02. № 102 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгі учаскелерiн бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерiн бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 158 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі табиғат пайдаланушылар арасында Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшілiгi учаскелерiн бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу мәселелері жөнiнде конкурс (тендер) өткізу бойынша комиссияны: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң (комиссия төрағасы); тиiстi облыс әкiмдiгiнiң (облыс әкімінiң орынбасары); "Балық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының; балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегi мемлекеттік мекемелердiң өкілдерiнен қалыптастырсын."; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгi учаскелерiн бекітіп беру мәселелерi және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнiнде конкурс (тендер) өткізу ережелерiнде: 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Yкіметі" деген сөздер алынып тасталсын; 4, 10, 11-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі" деген сөздер "балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген ережелерге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; 10-тармақтың мәтініндегi "әкімi" деген сөздер "әкімдiгi" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Табиғат пайдаланушылар арасында балық кәсiпшiлiгi су айдындарын (учаскелерiн) бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу жөнiнде конкурс (тендер) өткізу ережелерiне қосымша Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлi мен Алакөл көлдер жүйесiнде балық кәсiпшiлiгi су айдындарын (учаскелерiн) бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерi мен квоталарын бөлу жөніндегі конкурсқа (тендерге) қатысу үшiн ӨТІНІМ 1. Атауы, ведомстволық тиiстiлiгi, құрылтайшы, деректемелерi мекен-жайы _______________________________________________________ __________________________________________________________________ 2. ________ облыс әкiмдiгiнің ____ жылғы "___" ________ N __ шешiмiне және "___" ____________ жылғы "___" ______________ балық шаруашылығы саласындағы арнайы уәкілеттi органмен жасаған N _______ шартқа сәйкес бұрын бекiтіліп берiлген су айдыны (учаске) (итбалық аулайтын орын) 3. Өндiрiстiк қызметiнiң негiзгi бағыты, қай уақыттан бастап балық аулауды және балық өнiмдерiн қайта өңдеудi (итбалық аулау мен оны қайта өңдеудi) жүзеге асырады __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 4. Өтiнiм берiлген су айдыны немесе учаске (итбалық аулайтын орын) ____________________________________________________________ 5. Өтінiм балықтың түрлерi бойынша аулау (итбалық аулаудың) көлемi (лимитi) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 6.__________________________________________________________ _____________________________________________ жүзетiн құралдардың Балық аулау ережелерiне сәйкес келетiн аулау (итбалық аулау) құралдары тиiсті біліктiлiгi (жұмыс тәжiрибесi, арнайы дайындығы) бар балықшылардың саны (итбалық аулайтын кәсiпшi-аңшылар) __________________________________________________________________ кәсiп тетiктерiнiң болуы __________________________________________________________________ басқа да мәлiметтер __________________________________________________________________ 7. Өндірiстiк қуаты: өндiрiстік үй-жайлар, цехтар (шаршы м.) __________________________________________________________________ тоңазытқыш қондырғылар (қуаты) __________________________________________________________________ технологиялық жабдықтар (қуаты және басқа да өндiрiстiк сипаттамалары) __________________________________________________________________ басқа да мәлiметтер __________________________________________________________________ 8. Балық қорларының өсiмiн молайту, мелиорациялау бойынша iс-шаралардың және өз қаражаты, растаушы құжаттарды ұсына отырып, ақшалай мәндегi демеушілік көмектiң есебiнен соңғы үш жылда жүргiзiлген iс-шаралардың түрлерi мен көлемi __________________________________________________________________ Өтінiмге қосымшалар: заңды тұлға жарғысының көшiрмелерi; мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi; бюджет алдында берешектiң болмауы туралы Салық комитетiнiң анықтамасы; қаржылық жай-күйi туралы банктiң анықтамасы; аулау құралдарының, балық кәсiпшiлiгi орындардың, өндiрiстiк үй-жайлардың санитарлық жағдайы туралы санэпидқызметтiң анықтамасы; табиғат пайдаланушылар бұрын өздерi шарт мiндеттемелерiнiң орындалуы, өтінiм берiлген балық аулау лимитi мен квоталарын игеру үшiн қажеттi балықшылардың аулау құралдарының, кәсiпшiлiк тетiктердiң, жүзетiн құралдардың және т.б. болуы мен жай-күйi туралы арнайы уәкiлеттi органның және (немесе) оның ведомстволық бағыныстағы тиiстi ұйымдарының анықтама-қорытындысы; ағымдағы жылға арналған табиғат қорғау iс-шаралары бойынша басшы бекiткен Мiндеттемелер-жоспары, оның iшiнде су айдынының экологиялық жай-күйiн, гидробионттардың мекендеу жағдайын жақсарту және олардың көлемi мен қаржыландыру көздерiн көрсете отырып, балық қорларының өсiмiн молайту бойынша балық-мелиорациялық жұмыстар. Берiлген күнi. Ұйымның мөрi ______________ Басшының аты-жөнi, қолы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |