|
|
|
Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсін. ҚР Үкіметінiң 29.09.03 ж. № 992 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешіктiрмей жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінiң 29.09.03 ж. № 992 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінiң 03.04.04 ж. № 272 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірiншi орынбасары Г.А.Марченкоға жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама Бағдарламаның паспорты Кіріспе 1. Қазақстандағы кедейліктің қазіргі жай-күйін талдау 2. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері 3. Кедейлікті азайтудың негізгі бағыттары 4. Бағдарламаны іске асыру тетіктері 5. Қажетті ресурстар жӘне қаржыландыру көздері 6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 7. Қазақстан Республикасында Кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асырудың іс-шаралар жоспары Бағдарламаның паспорты Атауы Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 негiздеме сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 5.7.1-тармағы Негiзгi Азия Даму Банкінің және Бірiккен Ұлттар Ұйымы Даму әзiрлеуші Бағдарламасының (БҰYДБ) техникалық көмегiмен Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, министрлiктер мен агенттiктер Мақсаты Ел халқының тұрмыс деңгейiне ықпал ететiн негiзгi экономикалық және әлеуметтiк факторларды жақсарту жөніндегі шаралар кешенiн iске асыру есебiнен кедейлiк деңгейiн төмендету Міндеттерi Бағдарламаның мақсатын iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi: - жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау; - қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсiптiк оқуын, біліктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру есебiнен еңбек рыногында белсендi шараларды одан әрi дамыту және жетiлдiру; - денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым қызметтерiн көрсетудiң тиiмдiлiгi мен қол жетiмдiлiгiн арттыру; - халықтың әлеуметтiк осал топтарына атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерiн жетiлдiру; - елде кедейлiктi төмендетуде мемлекеттік басқару тиiмдiлiгiн арттыру; - кедейлiк мәселесiн шешу үшiн қоғамның барлық институттарының: мемлекеттік органдардың, кәсiби одақтардың, жеке сектордың және үкiметтiк емес ұйымдардың, оның ішінде кедей халықтың мүддесiн бiлдiретiн бірлестiктердiң қатысуы мен өзара қарым- қатынасын жандандыру. Қаржыландыру Бағдарлама кешендi сипатта, сондықтан Қазақстанда көздерi 2003-2005 жылдары кедейлiктi азайтуға жұмсалатын негiзгi қаражат экономиканың тиiстi салаларында кедейлiктi азайту мәселелерiн шешетiн қолданылып жүрген және әзiрленiп жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберiнде көзделетiн болады. Сонымен бірге халықаралық ұйымдар мен донор елдердің көмегiн тарту көзделуде. Бағдарламаны Табысы ең төменгi күнкөріс деңгейiнен төмен iске асырудан халықтың үлесiн 2005 жылы 2002 жылмен күтілетін салыстырғанда төрттен бірге және кедейлiк нәтижелер шегінен төмен тұратын халықтың үлесiн 48,8%-ға төмендету, халықтың жан басына шаққанда ЖIӨ көлемiнiң 2002 жылғы 1631 АҚШ долларынан 2005 жылы 2028 АҚШ долларына өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн 2002 жылғы 9,4%-дан 2005 жылы 8,1%-ға дейiн төмендету. Іске асыру 2003-2005 жылдар мерзiмi Елдiң қазiргi даму кезеңiнде халықтың кедейлiк деңгейiн төмендету жөніндегі шараларды iске асыру мемлекеттiң әлеуметтiк саясатындағы аса маңызды бағыттардың бірiне айналып отыр. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекітілген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама осы мiндеттi шешуге бағытталған Қазақстандағы алғашқы бағдарламалық құжат болып табылады. Бұл Бағдарлама қоғамның қазiргi даму кезеңiне тән өзектi проблемалар мен басымдықтарды ескере отырып жасалған және жұмыспен қамтудың және табысы аз азаматтарға атаулы көмек көрсетудiң белсендi саясатын жүргiзуге бағытталған. Қолданыстағы Бағдарламаны, сондай-ақ кедейлердiң жағдайын жақсартуға тiкелей немесе жанама түрде байланысты басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламаларды iске асыру барысында белгiлi бір оң нәтижелерге қол жеттi. Жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен Қазақстан халқының үлесi Бағдарлама iске асырыла бастаған кездегi 31,8%-дан 2001 жылы 28,4%-ғa дейiн төмендедi. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi жүргiзген халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу материалдары бойынша жұмыссыздық деңгейi 2000 жылы экономикалық белсендi халықтың 12,8 %-ымен салыстырғанда 2001 жылы 10,4%-ды құрады. Халықтың тұрмыс деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштердiң оң сипатты серпiнiне қарамастан елде кедейлiк деңгейi әлi де болса елеулi күйiнде қалып отыр. Кедейлiктiң өсуiне түрткi болатын негiзгi экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар сақталуда, олар: еңбек рыногындағы жұмыс күшiнiң сұранысы мен ұсынысының сәйкессiздiгi; еңбекақының, зейнетақының және жәрдемақының төмен мөлшерi; шалғай аудандарда тұратын кедей халықты әлеуметтiк жағынан оқшауландыратын ауыл инфрақұрылымының, ең алдымен жолдардың, магистралдық су құбырларының дамуының төмен деңгейi; тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне қол жеткізудiң қысқаруы; ауылдық жерлерде жалпы және кәсiптiк білім беретiн мектептер желісінiң жетiспеуi; халықтың бір бөлiгiнiң масылдық көңiл-күйi, оның жұмысқа орналасу мүмкiндiктерi жайында нашар хабардар болуы; халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарының мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмекпен жеткiлiктi қамтылмауы. Еңбек етуге қабiлеттi азаматтар үлесiнiң ұлғаюы есебiнен кедейлiктiң әлеуметтiк құрылымы өзгерiске ұшырауда. Осы Бағдарлама "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысына сәйкес әзiрлендi. Бағдарламада көзделген кедейлiктi азайтудың негiзгi жолдары халықтың кедейлiкке ұшырау себептерiнiң сан қырлы сипатын ескередi және халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде оны азайту жөніндегі тиiстi көзқарастарды қамтиды, бұл тәжiрибе кедейлiк проблемаларын шешудi: экономикалық өсудi; жұмыспен қамтуды және жұмыссыздықты азайтуды; әлеуметтiк көмектiң атаулылығын; ауыз суды қоса алғанда базалық білімге, алғашқы медициналық көмекке, тұрғын үйге, көлiк инфрақұрылымына және коммуналдық қызметтер көрсетуге қол жетiмдiлiгiн; бюджеттік бағдарламаларға әкiмшiлiк ету тиiмдiлiгiн; кедейлердiң мемлекеттік шешiмдер қабылдауға қатысуын, ақпаратқа қол-жетiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету арқылы қарастырады. Бағдарламада 1995 жылғы наурызда Копенгаген қаласында қабылданған "БҰҰ-ның кедейлiктi жою жөніндегі онжылдығы" әлеуметтiк даму жөніндегі Дүниежүзiлiк Саммит Декларациясының, сондай-ақ Халықаралық Еңбек Ұйымының еңбек, жұмыспен қамту, гендерлiк теңдiк саласындағы конвенцияларының ережелерi ескерiледi. Сонымен бірге, Бағдарлама қоршаған ортаның халықтың тұрмыс деңгейiне әсерiн, кедейлiктiң өңiрлiк ерекшелiктерiн, сондай-ақ тоқтап тұрған қала салушы кәсiпорындары бар шағын қалалардағы және тоқырауға ұшыраған ауылдық аудандардағы кедейлiктi ескередi. Кедейлiк проблемаларын шешу үшiн қоғамның барлық институттарының: мемлекеттік органдардың, кәсiби одақтардың, жеке сектордың және үкiметтiк емес ұйымдардың, оның iшiнде кедей халықтың мүддесiн бiлдiретiн бірлестiктердiң белсене қатысуы мен бірлесiп iс-қимыл жасауы көзделедi. 1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙЛIКТІҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КҮЙIН ТАЛДАУ 1.1. Қазақстандағы кедейлік деңгейiн айқындау және оның өлшемі 1.1.1. Кедейлiк ұғымы және оны бағалау индикаторлары Кедейлiк - бұл халықтың белгiлi бір топтары өмiр сүру құқықтарын iске асыруға байланысты бірiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекітілген құқықтар мен бостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс. Кедейлiк проблемасы экономикалық және әлеуметтiк аспектiлердi, сондай-ақ басқару аспектiсiн қамтиды. Кедейлiк проблемаларының ауқымын осындай аспектiлер тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер индикаторлар бола алады. Табыстар бойынша және мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қызметтер көрсетуге халықтың қол жетiмдiлiгi бойынша кедейлiк өлшемiн бiлуге арналған өлшемдер мен индикаторлар бар. Табыстар бойынша негiзгi өлшемдер - бұл ең төменгi күнкөрiс деңгейi мен кедейлiк шегi. Кедейлiк деңгейiн анықтауға негiз болып табылатын және ең аз тұтыну қоржыны негiзiнде есептелетiн ең төменгi күнкөрiс деңгейi азық-түлiк тауарларының 70%-ын және азық-түлiк емес тауарлардың 30 пайызын қамтиды. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнде азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларға тұтыну шығындарының нақты арақатынасы 2001 жылы 56,3/43,7 болды. Тұтыну қоржыны табысы аз адамдар бюджетiнiң едәуiр бөлiгiн құрап отырған коммуналдық қызметтер көрсету мен көлiк шығындарын толық көрсетпейдi. 2001 жылы белгiленген кедейлiк шегi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 38%-ын, 2002 жылы - 40%-ын құрады. Бұл көрсеткiш, ең алдымен, атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудегi мемлекеттiң экономикалық мүмкiндiктерiн сипаттайды. Кедейлiктiң табыстар бойынша индикаторлары - бұл табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесi, кедейлiктiң алшақтығы мен өткiрлiгі. Кедейлiктi табыстар бойынша ғана бағалап қоймаудың негiзгi өлшемдерi - негiзгi әлеуметтiк игiлiктер мен қызметтер көрсетуге қол жетiмдiлiгiнiң ең төменгi деңгейi. Денсаулық сақтау саласында - бұл халықтың жан басына шаққанда медицина қызметкерлерi мен медициналық ұйымдардың саны, медициналық ұйымдары жоқ елдi мекендер саны; білім беруде - бұл балаларды оқумен қамту, мектептерi жоқ елдi мекендер саны, оқыту жүйесiнен тыс қалған балалар, сондай-ақ білім беру мекемелерiнде материалдық көмек көрсетілген балалар саны; әлеуметтiк көмек жүйесiнде - халықтың әлеуметтiк осал топтарын қамту және оларға көрсетiлетiн көмек мөлшерi. Денсаулық, білім, алдағы өмiрдiң орташа ұзақтығы, әлеуметтiк азу (маскүнемдiк, нашақорлық, жезөкшелiк, қылмыс жасаушылық) жөніндегі көрсеткiштер, сондай-ақ халықтың көшi-қоны жөніндегі көрсеткiштер кедейлер үшiн әлеуметтiк инфрақұрылымға қол жетiмдiлiгiнiң жанама индикаторлары болып табылады. Алайда орын алып отырған индикаторлар кедейлiктiң барлық аспектiсiн толық көрсетпейдi. Коммуникациялардан шалғайлық, табиғи немесе энергетикалық ресурстардың шектеулiлiгi сияқты кедейлiк факторларын ашуға көмектесетiн нақты инфрақұрылымға қол жетiмдiлiк индикаторлары баршылық, бірақ қажеттi шаралар әзiрлеу барысында олар жеткiлiктi дәрежеде пайдаланылмайды. 1.1.2. Қазақстандағы кедейлiктiң бейіні Кедейлiк бейiнi - кедейлiктiң барынша айқын көрiнiстерiнiң сандық және сапалық сипаттамасы. 2001 жылы Қазақстанда ол мынадай деректермен сипатталады: халықтың 28,4%-ының табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен болды; ел халқының 11,7%-ының табысы азық-түлiк қоржынының құнынан төмен болды, соның iшiнде Маңғыстау облысында - 26,7%, Атырау облысында - 21,6%; халықтың неғұрлым ауқатты 10% және неғұрлым ауқатсыз 10% топтары табыстарының арасалмағы республика бойынша орта есеппен 11,3 есенi құрады (шектi көрсеткiш - 8 есенi құрайды); кедейлiк аумақтар бойынша шалғайдағы ауылдық аудандар мен шағын қалаларда орын алып отыр: ауылда халықтың кедей тобының үлесi орта есеппен - 38,0%-ды, ал Маңғыстау облысында - 95,5%-ды құрады; қаладағы кедейлiк негiзiнен тоқырауға ұшыраған шағын қалаларда байқалады; республика бойынша тұтастай алғанда жұмыссыздық деңгейi 10,4 %-ды құрады; 2001 жылы туберкулезбен ауру 1996 жылмен салыстырғанда 78,3 %-ға өскен; жүктi әйелдердiң 55%-ға жуығы қаны аздықтан зардап шегуде; табысы аз азаматтардың жалпы санының iшiнде табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен тұрғындардың 48,1%-ы 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтарында тұрған; 30 мыңнан астам мектеп оқушысы мектепке бару үшiн 3 километрден 40 километрге дейiн жол жүруге мәжбүр болуда, 6 мыңға жуығы жалға алынған пәтерлерде немесе туған-туыстарының үйiнде тұрады; Ішкi iстер министрлігі тiркеген балалардың мектепке бармау оқиғаларының 75%-ы отбасының жайсыз жай-күйiмен немесе нашар материалдық жағдайымен байланысты болған; қала халқының 14%-ы және ауыл халқының 27%-ы сапалы ауыз суымен қамтамасыз етiлмеген; халықтың 4%-ы тасып әкелiнетiн суды пайдаланады, республиканың оңтүстiк аймақтарындағы кедейлiк, негiзiнен, суландыру үшiн қажет судың болмауымен байланысты; халықтың белгiлi бір бөлiгi қоршаған ортаның азуы мен ластануынан зардап шегуде. 1.1.3. Қазақстандағы кедейлiк кейпi Кедейлiк кейпi - кедейлiк тұрғысынан алғанда халықтың әлеуметтiк жағынан барынша осал топтарының тiзбесi мен сипаттамасы. Қазақстанда халықтың әлеуметтiк осал топтарына балалар және көп балалы отбасылар, ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер, оқымайтын және жұмыс iстемейтiн жастар, жалғызiлiктi қарт адамдар, мүгедектер, межелiк топтар (баспанасыздар, пенитенциар жүйесi мекемелерiнен босағандар, босқындар) кiредi. Балалардың өз жағдайларын өз бетiмен жақсарту мүмкiндiктерi бәрiнен аз. Кедей отбасыларында тұратын балаларға қатысты қамсыздық келешекте кедейлiк ауқымы өсуiнiң асқындауының әсерiне әкелуi мүмкiн. Талдау көп балалы отбасылардың оңтүстiк және батыс аймақтарда, негiзiнен, ауылдық жерлерде шоғырланғанын көрсетiп отыр. Ұзақ мерзiмдi жұмыссыздық жұмыс күшiнiң белгiлi бір бөлiгiнiң жас шамасы, біліктiлiк, психологиялық өлшемдер бойынша рынок қажеттiлiктерiне сәйкес келмеуiмен, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарда жұмыс орындары санының қысқаруымен, жұмыспен өзiн-өзi қамту мүмкiндiктерiнiң болмауымен байланысты. Жастар (15-19 жас) экономикалық қауқарсыз халықтың ең үлкен үлесiн (24%), сондай-ақ жұмыссыз халықтың едәуiр үлесiн (12%) құрап отыр. Оқуда жоқ және жұмыссыз жастар нашақорлық, қылмыстылық, жезөкшелiк бойынша қатер тобына түседi. Жалғызiлiктi қарт адамдардың проблемалары коммуналдық қызметтер көрсетуге, емделуге және басқа осындай шығыстарға шығындардың өсуiнде болып отыр. Мүгедектердiң мүмкiндiктерi шектеулi болуына байланысты олардың арасында кедейлер қатарына қосылу қаупi аса жоғары. Межелiк топтарға жататын адамдар санын бағалау мүмкiн болмай отыр. Қоғамның белсендi мүшелерi ретiнде бұл адамдардан қол үзу айрықша алаңдаушылық туғызуда. Халықтың межелiк топтары өздерiнiң халықтың басқа топтарына келеңсiз әсер ету қабiлеттiлiгiнен де ерекше назар аударуды қажет етедi. Межелiк халықтың саны қала өмiрiне бейiмделе алмаған ауылдан көшушiлер, жұмыссыздар, ашық және астыртын көшiп келушiлер, босқындар есебiнен өсуде. Қылмыстың өсуi кедейлiктiң негiзгi келеңсiз салдарының бірi болып табылуда. Заңсыз жолмен табыс табуға мәжбүр болып отырған халықтың табысы аз топтары арасында жалпы қылмыс жасаушылық кеңiнен таралуда. Мiнез-құлықтың түрлi ауытқулары, оның ең ауыр түрлерi: маскүнемдiк пен нашақорлық кедейлiктiң келеңсiз салдарының бірi болып табылады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар қазiр халықтың мейлiнше әлеуметтiк осал топтары қатарында тұр. Олардың басым көпшiлiгi бостандыққа шыққаннан кейiн кедейлiк шегiнде қалатындықтан, еңбекке және тұрмыстық орналастыруға мұқтаж болуда. Белгiлi бір тұрағы жоқ адамдар үшiн әлеуметтiк бейiмдеу орталықтары барлық аймақтарда бірдей жұмыс істемейдi. Елде қазiргi уақытта, шын мәнiнде, мұндай тек 11 орталық жұмыс iстеуде. Ашылған кезiнен 3,5 мыңға жуық, соның iшiнде бұрын сотталған мыңға жуық адам әлеуметтiк бейiмдеуден өткен. 1.2. Кедейлiк деңгейiн бағалау 1.2.1. Экономиканың даму деңгейi және кедейлік 1.2.1.1. Экономикалық өсу және кедейлік Экономиканың дамуы - кедейлiкпен тиiмдi күрестiң маңызды шарты. Соңғы жылдары Қазақстанның экономикалық көрсеткiштерi экономиканың тұрақты өсуiн дәлелдеуде. 2001 жыл iшiнде ЖIӨ-нiң нақты өсуi 1998 жылға қатысты 28% құрады. Осы кезеңде кедейлер үлесi 39%-дан 28,4%-ға дейiн кемiдi. Ел халқының ақшалай табыстары көрсеткiштерiнiң серпiнi және ең төменгi күнкөрiс деңгейi халықтың тұрмыс деңгейiнiң жақсаруын дәлелдейдi. 2000 жылғы тамыздан бастап жан басына шаққандағы халықтың тұтынуға жұмсаған орташа ақшалай табыстарының мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен аса бастаған. Бұл үрдiс 2001 жылы сақталды: жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған орташа табыстың және ең төменгi күнкөрiс шамасының арасалмағы 121,2%-ды құрады.
1 Кедейлiк тереңдiгi - белгiленген өлшемнен (ең төменгi күнкөрiс деңгейi, кедейлiктiң азық-түлiктiк шегi және кедейлiктiң белгiленген шегi) зерттелушi үй шаруашылықтары мүшелерiнiң табыс деңгейiнiң орташа ауытқуын көрсететiн кедейлiк индикаторы. 2 Кедейлiктiң өткiрлiгi - кедейлiк тереңдiгiнiң мейлiнше толық сипаттамасы болатын кедейлiк индикаторы. Белгiленген өлшемнен зерттелушi үй шаруашылықтары мүшелерi табыстары тапшылығының ауытқу шаршысының орташасын және кедейлер табыстарының әркелкi дәрежесiн көрсетедi. 3 Джини коэффициентi (Табыстардың шоғырлану коэффициентi) теңсіздiк дәрежесiн сандық бағалауға мүмкiндiк бередi. Ол біркелкi бөлу желісінен халықтың сандық тең топтары бойынша табыстардың iс жүзіндегі бөлiнуiнiң ауытқу дәрежесiн белгiлейдi. 4 Қорлар коэффициентi - оныншы және бірiншi децилдiк топтар бөлiнуiнiң iшкi қатарында халықтың салыстырылатын топтарының орташа табыстары арасындағы ара қатынасты өлшейдi. 1997 жылмен салыстырғанда, 2001 жылы халықтың өздiгiнен жұмыспен қамтылғандарының саны 28,8%-ға өскен. Шағын бизнеспен айналысатындар санының өсуi байқалуда. Соңғы eкi жылда өнеркәсiп, көлiк, байланыс және коммуналдық салаларда істейтiндер саны біршама өскен. Мемлекеттік бюджетке түсiмдер көлемi өсуде (егер 2000 жылы мемлекеттік бюджет кiрiстерi ЖIӨ-нiң 22,6%-ын құраса, 2001 жылы Ұлттық Қорға есептелген салықтарды ескергенде, кiрiстер ЖIӨ-нiң 25 %-ын құраған). Тұтастай алғанда ел бойынша халықтың тұрмыс деңгейiнiң орнықты жақсаруы байқалуда. Алайда, бұл үрдiс Қазақстанның барлық аймақтарында орын алмай отыр. Джини коэффициентi 1996 жылғы 0,319-ге қарағанда 2001 жылы 0,348-ге өстi. Экономиканың соңғы жылдардағы өсуi халық денсаулығының орташа көрсеткiштерiнiң жақсаруына ықпал етсе де (мысалы, өлiм-жiтiм және ауру көрсеткiштерiнiң тұрақталуы), инфекциялар, сондай-ақ әлеуметтiк қолайсыз аурулар (туберкулез және басқалары) саны өскен немесе олардың төмендеу үрдiсi байқалмайды. 1.2.1.2. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық Соңғы жылдары Қазақстандағы еңбек рыногы жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiмен, мемлекеттік емес сектордың пайдасына экономика секторлары мен салалары арасында жұмыс күшiнiң қайта бөлiнуiнiң жалғасуымен, жалданып жұмыс iстейтiндер санының өсуiмен сипатталады. Халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша жүргiзiлген таңдамалы зерттеу материалдары бойынша 2001 жылы халықтың экономикалық белсендi тобына қатысты жұмыссыздықтың деңгейi - 10,4%, жұмыссыздар саны (табыс алатын жұмысы жоқ адамдар, белсендi жұмыс iстемейтiндер және жұмысқа кiруге дайын еместер) 780,3 мың адамды құрады. Бұл 2000 жылға қарағанда 126,1 мың адамға немесе 14%-ға кем. Жұмыссыздық құрылымында әрбір екiншi адам (56,7%) - әйелдер. Жұмыссыздардың басым бөлiгi 15-39 жастағы адамдар, жастар арасындағы (15-24 жастағы) жұмыссыздық деңгейi 19,1%-ды құрады. Ұзақ жұмыссыздық белгiлерi күшенуде. 2001 жылы әрбір үшiншi жұмыссыз бір жылдан астам жұмыс iздеп келген. Ұзақ мерзiмдi жұмыссыздық деңгейi 7,6%-ды құрады. Жұмысқа орналасу талаптарының күрделенуде, бұл жұмыс тәжiрибесi және қажеттi біліктiлiгi жоқ жастар үшiн жұмысқа орналасу мүмкiндiктерiн төмендетедi. Жұмыс орындарының тапшылығы жағдайында, әсiресе, еңбек рыногында неғұрлым төмен күйдегi мүгедектердi жұмыспен қамту проблемалары шиеленiсуде. Еңбек рыногындағы жағдайға мамандықтар және біліктiлiк санаттары бойынша жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуi әсер етедi. Бiлiктi жұмыс күшi, әсiресе, жоғары білімдi мамандар және жоғары біліктi жұмысшы кадрлар санының кемуiмен бірге, халықтың кетуi салдарынан, кәсiптiк даярланбаған адамдар саны өсуде. Сонымен бірге, жекелеген мамандықтар бойынша жоғары және орта кәсiптiк білімi бар жұмыссыздардың әлеуетi сұраныссыз қалып отыр. Жұмыссыздар қатарында 100,4 мың адамның (12,9%) жоғары білімi, 338,4 мың (43,4%) - жалпы орта, 200,3 мың адамның (25,7%) орта кәсiптiк білімi бар. Ең алдымен, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерiнен астыртын еңбек көшi қазақстандық еңбек рыногына әсер етiп отырған проблемалардың бірi болып табылады. Көптеген қазақстандық кәсiпкерлер біліктiлiгi төмен шетел жұмыс күшiнiң арзандығынан астыртын еңбек iздеушiлердi оңайлықпен жалдайды. Бұл терiс бәсекелестiкке кезiгiп отырған жергiлiктi халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етiп, "көлеңкелi" сектордың және заңсыз жалдаудың кеңеюiне әкеледi. Табысы төмен жұмыс орындарының басымдығымен, толымсыз жұмыспен
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |