|
|
|
«Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Әдеби дәстүрлерді сақтау әрi дамыту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету және жас авторлардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы болып белгiленсiн. 3. «Жалын» әдеби-көркем журналын шығару үшін Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi өндірiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасау болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзімде: 1) Кәсiпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыны iске асыру үшін қажеттi өзге де шаралар қабылдасын. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |