|
|
|
2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. 691, 692, 693, 694, 695, 696, 697, 698, 699, 700, 700-1, 701, 702-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігінiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкiметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 691-қосымша ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 691-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасының Keдендік бақылау агенттiгі _________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығындар" 001 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 2412352 мың теңге (екi миллиард төрт жүз он екi миллион үш жүз елу екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi № 453-1 Заңының 21-25-баптары; Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегi № 981 қаулысы, "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегі № 314 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген функцияларды барынша тиiмдi атқаруға қол жеткізу үшін Кедендiк бақылау агенттiгiнiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерi қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң аппараты мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігіне жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы орындау. Үкiметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 692-қосымша Қазақстан Республикасының Keдендік бақылау агенттiгі _________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Кадрлардың біліктiлiгiн көтеру және қайта даярлау" 010 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 8 445 мың теңге (сегіз миллион төрт жүз қырық бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негізi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 8-бабы, "Шетел валютасындағы iссапарлық шығыстарын өтеудiң нормалары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 қыркүйектегi № 967 қаулысы, "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы, Кеден iстеріндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі келісiм. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгі қызметкерлерiнiң кәсіптік деңгейiн көтеру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттігiнiң кадрларының біліктілік деңгейiн көтеру және қайта даярлау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi органдарының жоғары кәсiптi, біліктi кадрлармен қамтамасыз етiлушiлiгi. Үкiметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 693-қосымша Қазақстан Республикасының Keдендік бақылау агенттiгі _________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Кеден органдарын нормативтік құқықтық кесiмдермен қамтамасыз ету" 030 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1 896 мың теңге (бip миллион сегiз жүз тоқсан алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi № 453-1 Заңының 8-бабы, "Шетел валютасындағы iссапарлық шығыстарын өтеудiң нормалары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 қыркүйектегi № 967 қаулысы, "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi қызметкерлерiнің кәсiптік деңгейi мен құқықтық мәдениетiн көтеру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның құрылымдық бөлiмшелерiн нормативтiк құқықтық кесiмдермен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi қызметкерлерiнiң кәсiптiк шеберлiгiн көтеру. Үкiметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 694-қосымша Қазақстан Республикасының Keдендік бақылау агенттiгі _________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Қызметтiк iздестiру иттерін қолдана отырып кедендiк бақылауды қамтамасыз ету" 031 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 30 949 мың теңге (отыз миллион тоғыз жүз қырық тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2368 Заңының 9-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 мамырдағы № 395 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 ақпандағы № 230 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кинолог-мамандардың кәсiптiк шеберлiгiн арттыру, қызметтiк iздестiру иттерiн одан әрi үйрету және мамандармен және қызметтiк iздестiру иттерiмен қызметтiң әр түрлi бағыттары бойынша жаттығу және тексеру сабақтарын өткізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінiң Кинологиялық орталығын (бұдан әрі - Кинологиялық орталық) ұстау және дамыту, кинолог-мамандарды оқыту, есiрткi құралдарын, жарылғыш заттарды және қаруды iздестiру үшiн қызметтiк-iздестiру иттерiн ұдайы өсiру, малдәрiгерлік қызмет көрсету және тиiсті дайындық, қызметтік iздестіру-иттерiмен халықаралық көрмелерге және жарыстарға қатысу, iшкi жарыстар мен байқаулар өткізу, Қазақстан Республикасының кеден органдарын есiрткi құралдарының (жарылғыш заттардың) иiстiк ауыстырғыштарымен, қызметтiк iздестiру иттерiне арналған арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету, Кинологиялық орталықтың оқу-материалдық базасын, атап айтқанда ҚP КБА Кинологиялық қызметiн одан әрi дамыту және жетілдіру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: даярланған кинолог-мамандардың санын ұлғайту, кедендік бақылаудың сапасын арттыру, контрабанданың жолын кесу, иттерді қолдана отырып, тартып алынған есірткі құралдарының, жарылғыш заттар мен қару санын ұлғайту, ҚР КБА Кинологиялық қызметін ұйымдық-штаттық нығайту, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту. Үкiметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 695-қосымша Қазақстан Республикасының Keдендік бақылау агенттiгі _________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтары үшін тәуелсiз сарапшыға сыйақы төлеу" 032 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 600 000 мың теңге (алты жүз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегі № 2368 Заңының 123-бабы, "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнын тәуелсіз сараптауды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 6 сәуірдегі № 453 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнын айқындауға бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік бюджет қаражатының әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын төмендетуден (көтеруден) болатын шығындарын қысқарту, кеден төлемдерi мен салықтарының түсуiн арттыру, сондай-ақ кедендiк статистика қорытындыларында импортталатын өнiмдердің нақты көлемдерiн көрсету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: кеден төлемдері мен салықтарын ұлғайту, кедендік рәсімдердің жүзеге асырылуына бақылауды күшейту. Үкiметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 696-қосымша Қазақстан Республикасының Keдендік бақылау агенттiгі _________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң шетелдегi қызметiн қамтамасыз ету" 033 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 8 500 мың теңге (сегiз миллион бес жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден қызметтерiн басқарудың бiртұтастығы туралы келісімдi бекіту туралы" 1995 жылғы 15 қыркүйектегi № 2459 Жарлығы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Кеден қызметтерiн басқарудың бiртұтастығы туралы" 1995 жылғы 16 мамырдағы келісім. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшін Ресей Федерациясы Кеден қызметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасы Кеден қызметi өкiлдiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету, атап айтқанда кеден iсi саласындағы байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кеден қызметтерiнiң өзара жедел iс-қимылын қамтамасыз ету, есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымының жолын кесу жөніндегі iс-шараларға қатысу, қару-жарақ пен әскери техникалардың Қазақстаннан Ресейге рұқсатсыз экспортының, Ресейден Қазақстанға импортының жолын кесу жөніндегі iс-шараларды жүргiзу. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: шетелдегi кеден қызметтерiнiң жанындағы Қазақстан Республикасы Кеден қызметi өкілдiктерiн ұстау, кеден қызметi практикасына қазiргi заманғы халықаралық стандарттарды енгізу және басқа мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен ақпарат алмасушылық орнату. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Ресей Федерациясы Кеден қызметінің жанындағы Қазақстан Республикасы Кеден қызметі өкілдігіне жүктелетін функцияларды сапалы және уақытылы орындау. Үкiметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына 697-қосымша Қазақстан Республикасының Keдендік бақылау агенттiгі _________________________________ Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi 2003 жылға арналған "Кеден органдарының сараптама қызметiн жетілдіру" 034 республикалық бюджеттік бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 21 000 мың теңге (жиырма бiр миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегi № 2368 Заңы, "Қазақстан Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң 2000-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 25 ақпандағы № 301 қаулысы, Қазақстан Республикасының стандарты 7.0-99 "Қазақстан Республикасының аккредитациясы. Негiзгi ережелер", Қазақстан Республикасының стандарты 3.2-94 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесi. Сертификаттау органдарына қойылатын талаптар және оларды аккредитациялаудың тәртібi". 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң кедендiк сараптама жүйесiн жетiлдiру, Орталық кеден зертханасын дамыту, аймақтық кеден зертханаларын құру және дамыту, кедендiк сараптама жүргiзу мүмкiндiгiн кеңейту, тауарлардың кодтарын Сыртқы экономикалық қызметтiң Тауарлық номенклатурасына сәйкес дұрыс айқындау, қорғаныстық шараларды дұрыс қолдану, кеден төлемдерiнiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз ету, сапасыз тауарлардың әкелiнуiне жол бермеу және радиациялық қауiптi жүктердің әкелiнуiн және транзитін болдырмау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Орталық кеден зертханасын аккредитациялауды, аймақтық зертханаларды аттестациялауды жүргiзу, иондаушы сәулелену көздерiмен және рентген техникасымен жұмыс iстеу құқығына лицензия алу, тауарларға кедендік бақылау мен ресiмдеуді жүзеге асыру кезiнде кедендік сараптамалар мен зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етудiң әдiстемелік негіздерi мен ғылыми-қолданбалы әдiстердi әзiрлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |