|
|
|
Жоба ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСI ҚР Үкіметінің 2003 ж. 30 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді Жалпы бөлiк 1-бөлiм. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi (1 - 38 баптар) 1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi 3-тарау. Бюджеттiң құрылымы 4-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры 5-тарау. Бiрыңғай бюджет жiктемесi 2-бөлiм. Бюджетаралық қатынастар және бюджет деңгейлері (39 - 54 баптар) арасындағы түсімдер мен шығыстарды бөлу 6-тарау. Бюджетаралық қатынастар 7-тарау. Бюджеттер деңгейлерi арасындағы түсiмдердi бөлу 8-тарау. Бюджеттер деңгейлерi арасындағы шығыстарды бөлу 3-бөлiм. Бюджет қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік (55 - 67 баптар) басқару 9-тарау. Бюджет қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік басқару органдарының құзыреті 10-тарау. Бюджет комиссиялары Ерекше бөлiк 4-бөлiм. Бюджетті әзiрлеу және бекіту (68 - 85 баптар) 11-тарау. Бюджеттi жоспарлау негіздерi 12-тарау. Бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу 13-тарау. Бюджет жобасын қарау және бекіту процесiнiң негiзгi ережелерi 14-тарау. Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау және бекіту процесi 15-тарау. Жергiлiктi бюджет жобасын мәслихатта қарау және бекіту процесi 5-бөлiм. Бюджеттердiң атқарылуы және нақтылануы (86 - 117 баптар) 16-тарау. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер 17-тарау. Бюджеттiң атқарылу негiзi 18-тарау. Бюджеттiң атқарылу процесi 19-тарау. Бюджеттердi нақтылау және түзету процесiнiң негiзгі ережелерi 20-тарау. Бюджеттерді нақтылау және түзету процесi 6-бөлiм. Бюджеттік есеп және есептілік (118 - 130 баптар) 21-тарау. Бюджеттік есеп туралы жалпы ережелер 22-тарау. Есептiлiк туралы жалпы ережелер 23-тарау. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беру 24-тарау. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есеп беру 25-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы есеп беру 26-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп 7-бөлiм. Мемлекеттік қаржылық бақылау (131 - 146 баптар) 27-тарау. Жалпы ережелер 28-тарау. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың тұрпаттары, түрлерi, қағидаттары мен мемлекеттік стандарттары 29-тарау. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері 30-тарау. Iшкi бақылауды ұйымдастырудың негіздері 31-тарау. Мемлекеттік қаржы бақылауының объектілері мен органдарының өзара iс-қимылы 8-бөлiм. Бюджеттік инвестициялар (147 - 155 баптар) 32-тарау. Бюджеттік инвестициялар туралы жалпы ережелер 33-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру 34-тарау. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру мониторингі және олардың тиімділігін бағалау 9-бөлiм. Мемлекеттік гранттар (156 - 162 баптар) 35-тарау. Мемлекеттік гранттар туралы жалпы ережелер 36-тарау. Мемлекеттік гранттарды тарту және пайдалану 37-тарау. Мемлекеттік гранттарды пайдалану мониторингі және оларды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау 10-бөлiм. Бюджеттік кредиттеу (163 - 189 баптар) 38-тарау. Бюджеттік кредиттеудiң жалпы ережелерi 39-тарау. Бюджеттік кредиттеу шарттары 40-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсiмдерi 41-тарау. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау және заемшыны ауыстыру 42-тарау. Талап мерзiмiнiң ескіруі, бюджеттік кредит бойынша талаптардың тоқтатылуы 43-тарау. Бюджеттік кредиттер бойынша бақылау, мониторинг, есепке алу 11-бөлiм. Мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттік қарыз алу (190 - 220 баптар) және борыш 43-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттік қарыз алу және борыш туралы жалпы ережелер 44-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарыз алуы 45-тарау. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы 46-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу және борыш 47-тарау. Қарыз берушінiң мүдделерiн қорғау 12-бөлiм. Қорытынды және өтпелі ережелер (221 бап) 48-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер Жалпы бөлiк 1-бөлiм. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Кодекспен реттелетiн қатынастар Осы Кодекс бюджет жүйесiнiң негiзгi ережелерiн, жұмыс iстеу қағидаттары мен тетiктерiн белгiлейдi, бюджет қаражатын құру мен пайдаланудың негізгі ережелерiн, қағидаттары мен тетiктерiн айқындап, бюджет қатынастарын реттейдi. 2-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң қағидаттары Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi мынадай қағидаттарға негізделедi: 1) бiрлiк қағидаты - бiрыңғай бюджеттік заңнаманы қолдануды, оның iшiнде бiрыңғай бюджет жiктелiмiн, бюджет процесiн жүйеге асырудың бiрыңғай бюджет рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету; 2) толықтық қағидаты - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып өзара талаптарды есепке алуға, сондай-ақ бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарын беруге жол бермеу; 3) нақтылық қағидаты - бюджет параметрлерiнiң экономиканың ағымдағы жай-күйiнiң көрсеткiштерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамыту параметрлерi мен бағыттарына сәйкес келуi; 4) транспаренттiлiк қағидаты - бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискальдық саясатына қатысты басқа ақпаратты мiндетті түрде жариялау, бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргiзу; 5) дәйектiлiк қағидаты бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешiмдердi мемлекеттік басқару органдарының сақтауы; 6) тиiмдiлiк пен нәтижелiлiк қағидаты - бұл нәтижелерге жету үшiн бюджеттік бағдарламалар паспортымен көзделген қажетті бюджет қаражатының ұтымды мөлшерiн пайдалана отырып белгiлi бiр нәтижелерге жету қажеттiлiгi негiзiнде бюджеттердiң әзiрленуi және атқарылуы; 7) бюджеттердiң дербестiк қағидаты - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасындағы түсiмдердi тұрақты бөлудi орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiнiң құқығымен осы Кодекске, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, жоғары тұрған бюджеттегi жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын алып қоюға жол берiлмейтiндiгiне, тиiстi өтемақысыз қосымша шығыстарды төмен тұрған бюджетке жүктеуге жол берiлмейтiндiгiне сәйкес бюджет процесiн дербес жүйеге асыру. 3-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Кодекстен, қабылдануы осы Кодекспен көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. 4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының қолданылуы 1. Бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылып, барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiсiнше ақша бөлу туралы актілері, қайтарым негiзiнде ақша бөлу туралы осы актiлердiң ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды. 3. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актілері тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi. 4. Егер басқа заңнамалық және өзге нормативтiк құқықтық актiлерде бюджет заңдарына қайшы келетiн нормалар көзделсе, бюджет заңдарының нормалары қолданылады. 5-бап. Бюджет пен түсiмдерi шығыстарына әсер ететін нормативтiк құқықтық актiлер 1. Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн заңдар жобаларының, Президент жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының ережелерiн олар енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде республикалық бюджет комиссиясы мiндетті түрде қарауға тиiс. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған ережелер республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде, бұл қорытынды ағымдағы жылдың бiрiншi жартысында берiлген жағдайда келесi қаржы жылынан бастап күшiне енгiзiлуi мүмкiн. Егер осы қорытынды ағымдағы жылдың екiншi жартысында берiлген жағдайда, егер республикалық бюджет комиссиясы туралы ережемен өзгеше көзделмесе, аталған ережелер жоспарланған жылдан кейiнгi қаржы жылынан бастап күшiне енгiзiлуi мүмкiн. 3. Қазақстан Республикасының республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе түсiмдердi қысқартуды көздейтiн заңдары жобаларының ережелерi Қазақстан Республикасы Yкіметінiң оң қорытындысы болған кезде ғана республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы ескерiле отырып енгiзiлуi мүмкiн. 4. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жергілікті бюджеттердiң шығындарын ұлғайтуды немесе түсiмдерiн қысқартуды көздейтiн актілерінiң ережелерiн олар енгiзiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде тиiстi бюджет комиссиясы мiндеттi түрде қарауға тиiс. 5. Осы баптың 4-тармағында аталған ережелер тиiстi бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде келесi қаржы жылынан бастап қолданысқа енгiзiлуi мүмкiн. 6. Осы баптың 2 және 5-тармақтарында аталған нормалар республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң актілеріне және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттар шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешiмiне, сондай-ақ оларды iске асыру туралы нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды. 6-бап. Негізгі ұғымдар Осы Кодексте мынадай ұғымдар қолданылады: 1) мемлекеттiң активтерi - өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiне мемлекет меншiгiне алынған мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен құндық бағасы бар құқықтар; 2) бюджет - мемлекеттiң бағыты заң жүзiнде бекітілген мiндеттерi мен қызметтерiн қаржылай қамтамасыз етуге арналған мемлекеттiң орталықтандырылған ақша қоры; 3) облыс бюджетi - облыстық бюджеттi, олардың арасындағы өзара өтелетiн операциялар есепке алынбаған, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiн бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын жиынтық бюджет; 4) бюджет жүйесi - бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджет процестерi мен қатынастарының жиынтығы; 5) бюджеттік инвестициялар - экономикалық пайда табу немесе әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiкке жету мақсатында мемлекет активтерiнiң құнын ұлғайтуға бағытталған қаржыландыру, адами ресурстарды дамыту және табиғи ресурстарды жаңғырту; 6) бюджеттік операциялар - бюджеттiң атқарылуы процесiнде жүзеге асырылатын операциялар; 7) бюджеттік қатынастар - бюджет процесiнде туындайтын қатынастар; 8) бюджет қаражаты - мемлекеттік меншiкке түсуi мен жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн ақша мен мемлекеттiң өзге де активтерi; 9) бюджеттік инвестициялық жоба - шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипаты бар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар кешені; 10) бюджет процесi - бюджеттiң атқарылуы, мемлекеттік қаржы бақылауы бойынша бюджет есебi мен есептiлiктi жоспарлау, қарау, бекіту, нақтылау, түзету, атқару, жүргiзу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік байланысқан кепiлдiктердi жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен реттелген қызмет; 11) мемлекеттік инвестициялық саясат - ұлттық экономиканың мүдделерiне сай инвестициялық процестердi мемлекеттік реттеудiң экономикалық және қаржылық негізделген саясаты; 12) мемлекеттік бағдарлама - Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн және салааралық сипаты бар, жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге және мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, құқық тәртібін, заңдылығын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер жөнiнде әзiрленетiн бағдарлама; 13) мемлекеттік бюджет - республикалық және жергiлiктi бюджеттердi олардың арасындағы өзара өтелетiн операцияларды ескермей бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын жиынтық бюджет; 14) инвестициялық бағдарлама - инвестициялық мақсатқа жету мерзiмi реттелмеген және жүйелiлiк сипаты бар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөнiндегі iс-шаралар жиынтығы; 15) инвестициялық ұсыныс - инвестициялық жобаның (бағдарламаның) мақсатын, оған жетудiң жолдарын көрсететiн және инвестициялық жобаны (бағдарламаны) әзiрлеудi одан ары жүргiзу үшiн оны алдын ала iрiктеудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн инвестициялық жоба (бағдарлама) тұжырымдамасы; 16) кассалық алшақтық - қаржы жылы iшiнде бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджет қаражатының еркiн қалдықтары көлемiнен шығыстар көлемiнiң асып түсуi; 17) жергiлiктi бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қала) бюджетi, облыстың бюджетi; 18) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, орта мерзiмдi кезеңге арналған жергiлiктi бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жобасын жоспарлау жөніндегі қызметтердi жүзеге асыратын атқарушы орган; 19) бюджеттiң атқарылуы жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы жөніндегі, бюджеттік есеппен есептiлiктiң атқарылу, жүргізiлу саласындағы қызметтердi жүзеге асыратын атқарушы орган; 20) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу қызметін жүзеге асыратын атқарушы орган; 21) салалық (секторлық) бағдарлама - Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен, экономиканың жекелеген салаларының (секторларының) неғұрлым маңызды мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама; 22) басым (республикалық/жергілiктi) инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi - республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен қаржыландыруға жоспарланған инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзiмi болып табылатын, республиканы немесе өңiрлердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарына қосымша; 23) бюджет қаражатын алушы - бюджет қаражатын алатын жеке немесе заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергiлiктi атқарушы органдар; 24) өңiрлiк бағдарлама - мәслихаттар бекiткен, өңiрдi (аумақты) әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн шешуге бағытталған бағдарлама; 25) түзетiлген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтылаусыз Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет; 26) әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзiмдiк жоспары Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекiтетiн, үш жылдық кезеңге арналған республиканы немесе өңiрдi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi көрсеткiштерi мен бағыттарын және оны iске асыру жөніндегі шараларды белгiлейтiн құжат; 27) трансферттер - бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, оның iшiнде жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер; 28) бекітілген бюджет - тиiстi қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат бекiткен бюджет; 29) нақтыланған бюджет - оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiсті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиiстi қаржы жылына бекітілген бюджет; 30) қаржыландыру - алушыларға бюджет қаражатын бөлу; 31) қаржы жылы - бюджеттiң атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңi; 32) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлетті орган - орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын жоспарлау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 33) iшкi бақылау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган - iшкi мемлекеттік қаржы бақылауы қызметiн жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 34) бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептiлiктi атқару, жүргізу саласындағы қызметтердi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 35) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың негiзгi бағыттарын әзiрлеу қызметiн жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 2. Бюджет заңнамасының басқа да ұғымдары осы Кодекстiң тиiстi баптарында белгiленген мәндерде пайдаланылады. Бюджет заңнамасының ұғымдары Қазақстан Республикасы азаматтық және басқа да салалар заңдарының ұғымдарымен сәйкес келген кезде бюджеттік қатынастарға бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады. 3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтық және басқа да салалық ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңнаманың осы салаларында пайдаланылған мәнде қолданылады. 2-тарау. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi 7-бап. Қазақстан Республикасындағы бюджеттердің түрлері мен деңгейлерi 1. Қазақстан Республикасында бюджеттердiң мынадай деңгейлерi бекітілiп, атқарылады және дербес болып табылады: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi. 2. Қазақстан Республикасында осы Кодекспен белгiленген жағдайларда төтенше мемлекеттік бюджет бекітілуi және атқарылуы мүмкiн. 8-бап. Республикалық бюджет 1. Осы Кодекспен белгiленген, орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң мiндеттерi мен қызметтерiн қаржылай қамтамасыз етуге және елдегi мемлекеттік саясаттың жалпы-республикалық бағыттарын iске асыруға арналған салық пен басқа да төлемдер түсiмдерiнiң есебiнен қалыптасатын орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. 2. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледi. 9-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi 1. Осы Кодекспен белгіленген облыстық деңгейдегi жергiлiкті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң мiндеттерi мен қызметтерiн қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi мемлекеттік саясатты iске асыруға арналған салық пен басқа да төлемдер түсiмдерiнiң есебiнен қалыптасатын орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi болып табылады. 2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының шешiмiмен бекітіледi. 10-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті 1. Осы Кодекспен белгiленген, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттік органдарының, оларға бағынышты мемлекеттік мекемелердiң мiндеттерi мен қызметтерiн қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясатты iске асыруға арналған салық пен басқа да төлемдер түсiмдерiнiң есебiнен қалыптасатын ақша қоры ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi болып табылады. 2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекітіледi. 11-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет 1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттер негiзiнде қалыптасады және Қазақстан Республикасына төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген реттерде енгізiледi. 2. Төтенше мемлекеттік бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жасап, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгiленген заңдық тәртiппен бекітіледi. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның бүкiл аумағына төтенше немесе әскери жағдай енгізу және оны алып тастау туралы Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджеттi енгізуге және оны доғаруға негiз болып табылады. 4. Қазақстан Республикасының Парламентi төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы дереу хабардар етiледi. 5. Төтенше мемлекеттік бюджет қолданылған уақытта республикалық бюджет туралы және барлық деңгейдегi жергiлiктi бюджеттiң тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттерi туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады. 6. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданылады. Төтенше мемлекеттік бюджеттiң қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы республикалық бюджет туралы заңға және тиiстi қаржы жылына арналған барлық деңгейдегi жергiлiктi бюджеттiң бюджеттерi туралы мәслихаттар шешімдерiне сәйкес жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлеріне төтенше жағдай енгізілген төтенше жағдайда төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. 12-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттiң қаржы және өзге активтерi болып табылады, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң есебiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде шоғырландырылады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын, мемлекеттiң қаржы және өзге активтерiнiң қордалануын қамтамасыз етуге, экономиканың шикiзат секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру қызметiн жүзеге асырады. Жинақтау қызметi мемлекеттiң қаржы және өзге активтерiнiң қордалануын қамтамасыз етедi. Тұрақтандыру қызметi шикiзат ресурстарына әлемдiк бағаның жағдаятына республикалық бюджеттiң тәуелдiлiгiн төмендетуге арналған. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру мен пайдалану дүниежүзiлiк және iшкi тауар мен қаржы нарықтарының жағдаятына, елдегi және шет елдердегi экономикалық жағдайды, бұл орайда макроэкономикалық және фискальдық тұрақтылықты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiн сақтай отырып, республиканы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың артықшылықтарын ескере отырып айқындалады. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру мен пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкiметінің және Ұлттық Банктiң актілерiне сәйкес жүзеге асырылады. 6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмi мен жұмсалуы ұлттық және валюталарымен жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебi мен есеп-қисабы ұлттық валютамен жүзеге асырылады. 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасасылған сенiмгерлiк басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 3-тарау. Бюджеттiң құрылымы 13-бап. Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстары 1. Кiрiстер, бюджет кредиттерiн өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуынан түсетiн түсiмдер, заемдар бюджеттiң түсiмдерi болып табылады. 2. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, заемдар бойынша негізгi қарызды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады. 14-бап. Бюджеттің құрылымы 1. Бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |