Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен (2008.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02. № 36 Қаулысымен күші жойылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 12.04.04 ж. № 113 қаулысымен атауы және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Мыналар бекітілсін: 1) Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарты (1-қосымша); 2) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты (2-қосымша); 3) Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты (3-қосымша). 2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және кастодиан банктерге жіберсін. 3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін. 5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді. Ұлттық Банк
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|