Дәріханаішілік бақылау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.18.11. № 732 Бұйрығымен күші жойылды
Дәріханада дайындалатын дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету және дәріханаішілік бақылау жүргізуді ұйымдастыру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Дәріханада дайындалатын дәрілік заттардың сапасын бақылау жөніндегі нұсқаулық; 2) Дәріханада дайындалатын дәрілік заттардың сапасын бағалау жөніндегі нұсқаулық; 3) Дәріханада дайындалатын дәрілік заттарды стерильдеу жағдайлары жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының орынбасары Л.Ю.Пакке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының «Дәріханаішілік бақылау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 2 маусымдағы № 85 бұйрығымен бекітілген Дәріханада дайындалатын дәрілік заттардың сапасын бақылау жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық дәрілік заттардың дәріханаларда сапалы дайындалуын қамтамасыз ету шараларын белгілейді. 2. Дәрілік заттарды дайындау емдік препараттарды дәріхана жағдайында дайындаумен байланысты фармацевтік қызмет лицензиясы бар дәріханаларда жүзеге асырылады. 3. Нұсқаулық дәрілік заттарды, оның ішінде гомеопатикалық дәрілерді дайындайтын барлық дәріханаларға олардың меншік түріне қарамастан қолданылады. 4. Дәрілік заттарды дайындау рецепт дәрігердің рецептісі бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар негізінде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|