|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-тармақта: Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үлестiру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға; Смағұлов - Қазақстан Республикасы Қайрат Молдрахманұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары; Канешев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру Бiржан Бисекенұлы және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның орынбасары; Жандосов - Қазақстан Республикасы Табиғи Ораз Әлиұлы монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы (келісім бойынша); Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрi; Нығматулин - Қазақстан Республикасының Көлiк және Нұрлан Зайроллаұлы коммуникациялар вице-министрi; Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрi; Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Бисенгали Шамғалиұлы Банкi Төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Маханбетәжиев - Қазақстан Республикасының Экономика Батыр Әпенұлы және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ақпараттандыру және инновациялар саласындағы шығыстарды жоспарлау департаментiнiң директоры; Баядiлов - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Ерғали Мұхаметжанұлы Кеңесi Хатшылығының мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша); Шалахметов - "Қазақ ақпарат агенттiгi Ғадiлбек Минажұлы (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамының президентi; Кәрентаев - Қазақстан Республикасы Ермек Амангелдіұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi өндiрiстiк инфрақұрылым секторының меңгерушiсi, хатшы; мына: "Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи Ерболат Асқарбекұлы монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы" деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрi" деген сөздермен ауыстырылсын; мына: "Нәлiбаев - Қазақстан Республикасы Әбдiқалық Зәкiрұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары" деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын; мына: "Есекеев - Қазақстан Республикасының Экономика Қуанышбек Бақытбекұлы және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ақпараттандыру саясаты және инновациялар департаментінiң директоры" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ақпараттандыру саясаты және инновациялар департаментiнiң директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментiнiң директоры" деген сөздермен ауыстырылсын; мына: "Слободянюк - Қазақстан Республикасы Премьер- Анатолий Ануфриевич Министрi Кеңсесiнің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары - ақпаратты қорғау секторының меңгерушiсi, хатшы" деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Бақылау және құжаттық қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары ақпаратты қорғау секторының меңгерушiсi, хатшы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген құрамнан Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Бисенбаев Асылбек Қынарұлы, Марченко Григорий Александрович, Нағманов Қажымұрат Ыбырайұлы, Нигай Эдуард Михайлович, Есенғараев Асқар Батылханұлы, Құсайынов Әбiлғазы Қалиақпарұлы, Евсюков Александр Васильевич, Қыпшақбаеа Әбдел Исаұлы, Құрманғалиев Серiк Шолпанқұлұлы, Тiлешев Iзетәлi Шаймерденұлы шығарылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөніндегі комиссия туралы ережеде: 2-тармақта: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгiнiң (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай мазмұндағы он үшiншi және он төртiншi абзацтармен толықтырылсын: "бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ақпараттық жүйелердi сүйемелдеуге, құруға және дамытуға, сондай-ақ есептеу техникасымен қамтамасыз етуге байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң шығыстарын жоспарлау жөніндегі ұсыныстарының сапалы және жан-жақты сараптамасын жүргiзудi қамтамасыз етедi; Республикалық бюджет комиссиясына ақпараттық жүйелердi сүйемелдеу, құру және дамыту бағдарламаларын қаржыландыру көлемдерi бойынша түпкi шешiмдер қабылдау үшiн мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласында бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсыныстары бойынша ақпараттық-ұсынымдық сипаттағы қорытындыны ұсынады"; 5-тармақтағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын; 12-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |