|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 289 қаулысымен күші жойылды
"Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 266-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Халықаралық iскерлiк операцияларда трансферттiк бағалар қолдану кезiнде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерiнiң тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 20-жол мынадай редакцияда жазылсын: "20. "SUPERSCHWACKE" "Евротакс" Еуропа елдерiнiң 8702, автомобиль каталогы фирмасы, аумағынан әкелiнетiн 8703 Германия автокөлiк құралдары* *8702, 8703-тен - автокөлiк құралының паспортында көрсетiлген шығарылған жылын негiзге ала отырып, есептелген 5 жылдан аспайтын пайдалану мерзiмiмен". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |