"ҚК-нің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы" Қазақстан Жәбірленушімен татуласқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату жөніндегі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: "ҚК-нің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Қаулының атауындағы "ҚК-нің 67-бабын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Кіріспедегі "кінәлі адамның" деген сөздер "қылмыс жасаған адамның" деген сөздермен ауыстырылсын. "кінәлі" және "алғаш рет" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Қылмыстық процесті жүргізуші орган кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға және жәбірленушіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК-нің) 67-бабына сәйкес татуласу құқығын, негіздері мен тәртібін түсіндіруге міндетті.". 4. 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "ҚК-нің 67-бабы кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған адамдарға қолданылады. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстың санатын анықтау барысында ҚК-нің 10-бабының 2 және 3-бөліктерінің талаптары қатаң басшылыққа алынуға тиіс.". 5. 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігіне сәйкес кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған адам мынадай негіздер жиынтығы болған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылуға жатады: а) жасаған әрекеті онша ауыр емес қылмыстар санатына жатса; б) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|