|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен күші жойылды
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 357-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: 9-тармақтың 1) тармақшасындағы "таңдаулы" деген сөз алынып тасталсын; 10-тармақ мынандай мазмұндағы 70-1), 70-2), 70-3), 70-4), 70-5), 70-6), 70-7), 70-8), 70-9), 70-10), 70-11), 70-12), 70-13), 70-14), 70-15), 70-16), 70-17), 70-18), 70-19), 70-20), 70-21), 70-22), 70-23) тармақшалармен толықтырылсын: "70-1) селекция, сорттық сынақ және тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады; 70-2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 70-3) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сандық-сапалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады; 70-4) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiн болжайды; 70-5) бірегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар өндiрушiлердi, байқаудан өткізушiлердi және тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сорттардың оригинаторларын тiркеу, зертханалық сорттық сынақтар жүргiзу ережелерiн бекiтедi; 70-6) тиiстi куәлiк беру арқылы тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттауды жүргізеді; 70-7) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды; 70-8) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егiстердi байқаудан өткізу, жерге егiп бағалау, зертханалық сорттық сынақтан өткізу тәртібін бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 70-9) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың тиiстi бюджеттік бағдарламаларын әзiрлейдi және оған әкiмшiлiк етедi; 70-10) сортты сынақтан өткізу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi және тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi; 70-11) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласында бар мемлекеттік стандарттарды, техникалық талаптар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 70-12) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша ерекше жағдайларда тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгiленген көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуге рұқсат бередi; 70-13) бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн әзiрлейдi және бекiтедi; 70-14) отандық және шетелдiк селекция сорттарына мемлекеттік сынақ ұйымдастырады; 70-15) сорттардың оригинаторларын тiркейдi; 70-16) аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн белгiленген квоталар шегiнде субсидиялануға тиiстi тұқымдарға шектi сату бағасын белгiлейдi; 70-17) республиканың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады; 70-18) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 70-19) субсидиялануға тиiстi тұқымдардың әрбiр түрi бойынша тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған субъектiлер үшiн көрсетiлген мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде жыл сайынғы квоталарды белгiлейдi; 70-20) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн және ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi; 70-21) бiрегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылып сатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды; 70-22) тұқым шаруашылығы саласында ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, байқаудан өткізушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады; 70-23) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |