|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2004.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
(Бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы № 872 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат): 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екiншi абзацындағы "Министрлiктiң" деген сөзден кейiн "облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлiмшелерi және" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақтың 3) тармақшасындағы "баспасөз бен басқа да" деген сөздер алынып тасталсын; 1) тармақшадағы "және конфессиялық" деген сөздер алынып тасталсын; 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "11) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын, оның iшiнде шетел аудиториясына арналғандарды да есепке алуды жүзеге асырады;"; мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3) және 18-4) тармақшалармен толықтырылсын: "18-1) жер үстi телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады; 18-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдардың есепке алу туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм қабылдайды; 18-3) Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органының функциясын орындайды; 18-4) Қазақстан Республикасының аумағына тарайтын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады және олардың бiрыңғай Тiзiлiмiн жүргiзедi"; 2) тармақшадағы "ведомстволық" деген сөздiң алдынан "аумақтық бөлiмшелердiң және" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақша "қызметкерлерiне" деген сөзден кейiн "және Министрлiктiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының басшыларына" деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "5) Министрлiктiң мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы жарғыларын және/немесе ережелерiн бекітедi"; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) Министрлiктiң аумақтық органдары басшылары кесiмдерiнiң күшiн жояды не оларды толығымен немесе олардың бiр бөлiгiн тоқтата тұрады;"; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат): 1) 1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi туралы ережеде: 11-тармақтың 5) және 7) тармақшалары алынып тасталсын; 12-тармақтың 11) тармақшасы алынып тасталсын; 3. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi" деген бөлiм және реттiк нөмiрлерi 512, 512-1, 512-2, 512-3, 512-4, 512-5, 512-6, 512-7, 512-8, 512-9, 512-10, 512-11, 512-12, 512-13, 512-14, 512-15, 512-16, 512-17, 512-18, 512-21, 512-22, 512-23, 512-24, 512-25, 512-26, 512-27, 512-28, 512-30, 512-31, 512-32-жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген бөлiмде: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 415-1, 415-2, 415-3, 415-4, 415-5, 415-6, 415-7, 415-8, 415-9, 415-10, 415-11, 415-12, 415-13, 415-14, 415-15, 415-16, 415-17, 415-18, 415-19, 415-20, 415-21, 415-22, 415-23, 415-24, 415-25, 415-26, 415-27, 415-28, 415-29, 415-30, 415-31-жолдармен толықтырылсын: "415-1. "Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-2. "М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-3. "М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-4. "Ғ.Мүсiрепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы 415-5. "Н.Сац атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-6. "Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-7. "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-8. "Республикалық немiс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-9. "Мемлекеттік қуыршақ театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-10. "Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-11. "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдік-концерттік бiрлестігi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-12. "Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-13. "Қазақстан камератасы" классикалық музыка ансамблi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-14. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-15. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігi Мәдениет комитетiнің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-16. "Гүлдер" ансамблi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы 415-17. "Қазақ Мәдениеті мен өнертану ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-18. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-19. "Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-20. "Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-21. "Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптары мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-22. "Республикалық кiтап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-23. "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-24. "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-25. "Көркемсурет көрмелерi дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-26. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық компаниясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы 415-27. "Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы 415-28. "Республика сарайы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы 415-29. "Республикалық мемлекеттік құрылыс-жөндеу және қайта қалпына келтiру басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы 415-30. "Материалдық мәдениет ескерткiштерiн ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Алматы қаласы 415-31. "Күләш Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы Yкіметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы № 872 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI 1. Полиграфия ұйымдары "Мектеп" баспасы. "Алатау" БПК. Қарағанды полиграфиясы. Қазақ энциклопедиясы. "Елорда" баспасы. 2. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ұйымдар "Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясы" ЖАҚ. "Хабар" Агенттігi" ЖАҚ. "Егемен Қазақстан" Республикалық газетi" ААҚ. "Казахстанская правда" Республикалық газетi" AAҚ. "Қазақ газеттерi" ЖАҚ. "Жас өркен" ААҚ. "Қазақ ақпараттық агенттiгi" Ұлттық компаниясы ААҚ. "Қазбаспасөз" ААҚ. "Абай" журналы" РМК. "Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" РМҚК. 3. Мәдениет саласындағы ұйымдар Театрлар Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры. Күләш Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры. М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры. Ю.М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры. Ғ.Мүсiрепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер драма театры. Н.Сац атындағы академиялық орыс балалар мен жасөспiрiмдер театры. Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры. Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры. Республикалық немiс драма театры. Мемлекеттік қуыршақ театры. Концерттік ұйымдар Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы. "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдiк-концерттiк бiрлестiгi. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi. Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблi. "Қазақстан камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамблi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры. "Гүлдер" ансамблi. Мұражайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы. Әбiлхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы. Мемлекеттік алтын және бағалы металдар мұражайы. Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы. Бiрегей музыкалық шектi аспаптар мемлекеттік коллекциясы. Республикалық кiтап мұражайы. Көркем көрмелер дирекциясы. Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенi. Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдени орталығы. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы. Кино Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы. Тарихи-мәдени қорықтар Отырар мемлекеттік археологиялық қорығы. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорығы. "Әзiрет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы. Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорығы. "Көне Тараз ескерткiштерi" мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы. Кiтапханалар Қазақстан Республикасының ұлттық кiтапханасы. Жамбыл атындағы мемлекеттік республикалық жасөспiрiмдер кiтапханасы. С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кiтапханасы. Республикалық зағип және нашар көретiн азаматтар кiтапханасы. 4. Мұрағаттар Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты 5. Өзге де ұйымдар Республика Сарайы. Республикалық мемлекеттік жөндеу-құрылыс және қайта қалпына келтiру басқармасы. Материалдық мәдениет ескерткiштерiнiң ғылыми-зерттеу және жобалау институты. Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнердi мемлекеттік қолдау қоры. Мәдениет пен өнертану қазақ ғылыми-зерттеу институты. Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламаларының дирекциясы. Өндiрiстiк пайдалану бiрлестiгi. Республикалық мемлекеттік тiлдi жылдамдатып оқыту орталығы. Мемлекеттік кiтап баспасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |