Әйелдер консультациясының (кабинетінің) қызметін ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 593 бұйрығымен күші жойылды
Халыққа акушерлік-гинекологиялық көмекті жетілдіру және одан әрі дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Әйелдер консультациясының (кабинетінің) қызметін ұйымдастыру жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары ережеге сәйкес әйелдер консультациясының, кабинеттерінің қызметін ұйымдастырсын. 3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.
Министр
Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы № 612 бұйрығымен бекітілген Әйелдер консультациясының, кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі ереже 1. Жалпы ережелер 1. Бұл Ереже меншік нысанына қарамастан әйелдер консультациясының (кабинетінің) қызметін ұйымдастыруды белгілейді. 2. Әйелдер консультациясы (кабинеттері) осы заманғы технологияларды, клиникалық хаттамалардың негізінде амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмекті, отбасын жоспарлау және ұрпақ жаңғырту денсаулығын сақтау жөніндегі қызметтерді пайдалана отырып, халыққа амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету үшін құрылады. 3. Әйелдер консультациясы (кабинеті) дербес ұйым ретінде ұйымдастырылуы мүмкін немесе перинаталдық орталықтың, перзентхананың, емхананың бөлімшелік құрылымы болып табылады. 4. Әйелдер консультациясына (кабинетіне) басшылықты белгіленген тәртіппен тағайындалатын және босатылатын бас дәрігер (меңгеруші) жүзеге асырады. 5. Әйелдер консультациясының (кабинетінің) штаттары белгіленген тәртіппен бекітіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|