|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сыбайлас жемқорлыққа Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1997 жылғы 16 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж. № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат,' № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат): 1) 41-бапта: екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "2. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгi түрi ретiнде бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде алты айдан үш жылға дейiнгi мерзiмi белгiленедi. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшiн белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгі түрi ретiнде үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде бiр жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi."; мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын: "Ескерту. Осы Кодекстiң 176-бабының үшiншi бөлiгiнiң г) тармағында, 193-бабының үшiншi бөлiгiнiң а) тармағында, 209-бабының үшiнші бөлiгiнiң а) тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 310-315-баптарында, 380-бабында көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады."; 2) 129-баптың үшiншi бөлiгi "Адамды" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық," деген сөздермен толықтырылсын; 3) 176-баптың үшiншi бөлiгiнде: мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын: "г) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса"; "үш жылға дейiнгi" деген сөздерден кейiн ", ал г) тармағында көзделген жағдайларда - жетi жылға дейiнгi" деген сөздермен толықтырылсын; 4) 193-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi: а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса; б) ұйымдасқан топ; в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) немесе iрi мөлшерде жасаса, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайларда - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; екiншi бөлiктiң б) тармағындағы "лауазымды" деген сөз алып тасталсын; үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi: а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса; б) ұйымдасқан топ жасаса, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; 6) 224-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйым қызметшiсiнiң" деген сөздер "Мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекеттік қызметтердi атқаруға уәкiлеттi адамы болып табылмайтын қызметкерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамының," деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 228-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын: "Ескерту. Осы Кодекстiң баптарында мемлекеттік орган, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы не мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдастырушылық-өкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттердi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады."; 8) 13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "13-тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар"; 9) 307 және 308-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "307-бап. Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану 1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, - жүзден екi жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, - бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, - жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескертулер. 1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамдарға лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшiлер жатады. 2. Мемлекеттік қызмет атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар; 2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар; 3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң қаражатынан төленетiн қызметшiлер; 4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бec процент болатын ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi. 3. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады. 4. Мемлекет қызметтерiн және мемлекеттік органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында , Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметшiлердiң саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар деп түсiнiледi. 308-бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану 1. Билiктi не лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiгi шегiнен көрiнеу асып кететiн және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, - бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер: а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы; б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы; в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалса, - жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; 10) 310-бап мынадай редакцияда жазылсын: "310-бап. Кәсiпкерлiк қызметке заңсыз қатысу 1. Мемлекеттік қызметтердi атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы, не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгiленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзiнiң немесе сенім бiлдiрген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңiлдiктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл сала отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер, - үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл сала отырып, он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Лауазымды адамдардың мемлекеттік емес ұйымдарға, соның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге лицензиялау жөніндегі өкiлеттiгiн беруге әкеп соғатын iс-әрекеттердi жасауы, - жүзден екi жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады."; бiрiншi бөлiкте: "Лауазымды адамның", "лауазымды адамның" деген сөздер "Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның", "мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның" деген сөздермен ауыстырылсын; "үш жылға дейiнгi" деген сөздер "бec жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiктегi: "Лауазымды адамның" деген сөздер "Лауазымды адамның нақ сол әрекеттердi жасауы, сол сияқты" деген сөздермен ауыстырылсын; "үш жылға дейiнгi" деген сөздер "жетi жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi бөлiктегi "үш жылға" деген сөздер "жетi жылға" деген сөздермен ауыстырылсын; ескертудiң 2-тармағындағы "лауазымды адамның" деген сөздер "мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның" деген сөздермен ауыстырылсын; бiрiншi бөлiктегi "Лауазымды адамға" деген сөздер "Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрiнеу заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасағаны үшiн немесе әлденеше рет пара беру немесе ұйымдасқан топтың пара беруi - "; ескертуде "Лауазымды адамға", "лауазымды адам" деген сөздер "Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға", "мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам" деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 314 және 315-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "314-бап. Қызметтiк жалғандық жасау 1. Қызметтiк жалғандық жасау, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуi, не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл әрекеттер өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса, - бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 315-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк 1. Қызметтегi әрекетсiздiк, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, - бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, - жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; 14) 349-бап мынадай редакцияда жазылсын: "349-бап. Коммерциялық сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату 1. Коммерциялық сатып алуға арандату, яғни коммерциялық немесе өзге де ұйымдарда басқару қызметтерiн атқарушы адамға қылмыс жасау айғақтарын қолдан жасау не бопсалау мақсатында оның келісімiнсiз ақша, мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар беруге тырысу әрекеттерi - жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға арандату, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгі кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады."; 15) 351-баптың екiншi бөлiгi "Адамды" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық," деген сөздермен толықтырылсын; 16) 352-баптың екiншi бөлiгi "Адамды" деген сөзден кейiн "сыбайлас жемқорлық," деген сөздермен толықтырылсын; 17) 354-баптың төртiншi бөлiгi "жасалған" деген сөзден кейiн ", сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты" деген сөздермен толықтырылсын. 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат): 1) 192-баптың 4-1-бөлiгіндегі "307-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "307-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 308-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мынадай мазмұндағы 267-1-баппен толықтырылсын: "267-1-бап. Халықаралық iздестiрудi жариялау 1. Халықаралық iздестiрудi жариялауға негiздер болған кезде қылмыстық қудалау органы айыпталушыға халықаралық iздестiру жариялау туралы прокурор санкция берген жеке қаулы шығарады. 2. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және тергеуден жасырынып жүрген адамға халықаралық iздестiру жариялауға санкция беру құқығы Бас прокурор мен оның орынбасарларында болады.". 3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 744-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241 құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат): 1) 2-баптың 1-тармағы "пайдалана отырып" деген сөздерден кейiн "не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: "3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi 1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттік мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады. 2. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшiлер жатады. 3. Мемлекеттік мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар; 2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері; 3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер; 4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi. 4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттік мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге асырушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады."; 3) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауапкершiлiк пен шара тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделеді."; 4) 6-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Ocы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөніндегі iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органға заңдарда белгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi."; тақырыбындағы "немесе жекжаттардың" деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақтағы "(ата-аналары, ерлi-зайыптылар, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, балалары) немесе жекжаттары (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, ата-аналары және балалары)" деген сөздер "(ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы)" деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 12-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы "бұзу" деген сөз "әлденеше рет бұзу" деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 13-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының бесiншi абзацындағы: "шетелдiк (халықаралық)" және "олардың шетелдiк әрiптестерiнiң шақыруы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |