Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Жапония Yкіметінiң арасындағы Келісім 2003 ж. 6 қарашадағы № 494-ІІ ҚР Заңына сәйкес бекітілді Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі нотасының аудармасы 2002 жылғы "29" наурыз Астана қаласы Жоғары Мәртебелi, Мен Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен даму процесiн қолдау мақсатында Жапонияның қарыз беруi мәселесi бойынша Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы таяуда қол жеткiзiлген төмендегi келісімдi растау құрметiне ие болып отырмын: 1. "Астана қаласын сумен жабдықтау және кәрiздеу" жобасын (бұл жерде және бұдан әрi "Жоба" деп аталады) орындау үшiн Жапонияның Халықаралық Ынтымақтастық Банкi (бұл жерде және бұдан әрi "Банк" деп аталады) Жапонияның заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне жалпы сомасы жиырма бiр миллиард үш жүз алпыс бiр миллион жапон иенiнен (Ү 21 361 000 000) тұратын қарыз (бұл жерде және бұдан әрі "Қарыз" деп аталады) беретiн болады. 2. (1) Қарызды пайдалануға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Банк арасында жасалған қарыз туралы келісімге сәйкес қол жеткiзiлетiн болады. Қарыздың өтеу кезеңi мен шарттары, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі рәсiмдер iшiнара төмендегi қағидаттары ұстанатын аталған қарыз туралы келісімге сәйкес анықталатын болады: (а) (i) өтеу мерзiмi он (10) жыл жеңiлдiктi кезең аяқталғаннан кейiн жиырма (20) жылды құрайтын болады; (іі) пайыздық мөлшерлеме жылына екi бүтiн оннан екiнi (2,2 %) құрайтын болады; (б) Жоғарыда баяндалған (а) тармақшаның шартына қарамастан, Қарыздың бiр бөлiгiн пайдалану Жоба бойынша консультанттардың шығыстарын жабуға қолайлылық берген, жағдайда, келесiдей мүмкiндiктер тумақ: (i) аталған бөлiк бойынша өтеу мерзiмi он (10) жыл жеңiлдiктi кезең аяқталғаннан кейiн отыз (30) жылды құрайтын болады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|