Оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы Қазақстан Бұр. редакцияларды қара "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес және өзiнiң тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген оралмандар отбасыларының қоныс аударуы мен жайластырылуын ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi ұсынған оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы 10000 отбасы мөлшерiнде белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасының ?кіметi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп: 1) көшiп келу квотасына енгiзiлген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және орналастырылған жерлерде олардың бейiмделуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде көшiрiп алуды жүзеге асырсын; 2) бiр ай мерзiмде аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалды ескере отырып, оралмандарды орналастыру схемасын әзiрлесiн; 3) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Президентінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1216 Жарлығына ҚОСЫМША ҚР Президентінің 2004 ж. 1 желтоқсандағы № 1476 Жарлығымен жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) Оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы (отбасы)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|