|
|
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерiнде бiрыңғай бақылау-өткізу пункттерiн жайластыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерiнде бiрыңғай бақылау-өткізу пункттерiн жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) мынадай құрамда құрылсын: Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Сауат Мұхаметбайұлы орынбасары, төраға; Ержанов - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау Аманияз Қасымұлы агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары, төрағаның орынбасары; Малғаждаров - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау Алтай Байкенұлы агенттiгi Кедендiк бақылауды ұйымдастыру департаментiнiң бастығы, комиссияның хатшысы; Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасының Қаржы Марат Мәулетжанұлы министрлігінiң Салық комитетi төрағасының орынбасары; Байдәулетов - Қазақстан Республикасының Көлiк және Нұржан Тәлiпұлы коммуникациялар вице-министрi; Байсеркин - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Бауыржан Сәтжанұлы министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi төрағасының орынбасары; Ермекова - Қазақстан Республикасы Экономика және Несiпбала Әбсағитқызы бюджеттік жоспарлау министрлігінiң Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментi директорының орынбасары; Көкiрекбаев - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" Кәрiм Насбекұлы жабық акционерлік қоғамының вице-президентi (келісім бойынша); Лесов - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" Талғат Тұяқұлы жабық акционерлік қоғамының Тасымалдау департаментi жүк тасымалдау және коммерциялық жұмыс басқармасының бастығы (келісім бойынша); Мыңжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Марат Тұрсынайұлы министрлігі Ветеринария департаментiнiң директоры; Пiстаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер Марат Құрманәлiұлы министрлігі Көшi-қон полициясы департаментiнiң бастығы; Солоненко - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Вячеслав Владимирович Бас штабының Темір жолдағы әскери қатынастар орталық басқармасының бастығы; Тулубаев - Қазақстан Республикасының Ұлттық Сергей Анатольевич қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң Шекаралық бақылау бас басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша); Орынбасаров - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" Бауыржан Пазылбекұлы жабық акционерлік қоғамы Тасымалдау департаментiнiң бас инженерi (келісім бойынша); Хасенов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Сақташ Сатыбалдыұлы министрлігі Өсiмдiктердi қорғау және карантинi департаментiнiң директоры. 2. Комиссия барлық бақылау қызметтерiн орналастыруды, жұмыс жүргiзу кезегiн және республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерiнде бiрыңғай бақылау-өткізу пункттерiн жайластыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |