|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысына сәйкес және ағымдағы жылдың соңына дейiн телекоммуникациялар саласын ырықтандыру бағдарламасының бiрiншi кезеңін iске асыруға қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiліп отырған Ағымдағы жылдың соңына дейiн телекоммуникациялар саласын ырықтандыру бағдарламасының бiрiншi кезеңін iске асыруға қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдерді әзiрлеу жөніндегі жұмыстардың тізбесi бекітілсiн. 2. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 14 (он төpт) миллион теңге, оның iшiнде: 1) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiне 4 (төрт) миллион теңге; 2) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегі агенттігіне 10 (он) миллион теңге бөлiнсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1104 қаулысымен бекітілген Ағымдағы жылдың соңына дейiн телекоммуникациялар саласын ырықтандыру бағдарламасының бiрiншi кезеңін iске асыруға қажеттi нормативтiк құқықтық кесімдердi әзiрлеу жөнiндегі жұмыстардың тiзбесi
Жиыны: 14 000 000 (он төрт миллион) теңге
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |