|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығындар" бөлiмiнде: 12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында: 215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" әкiмшiсi бойынша: 060 "Республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту жөніндегі жобалау-iздестiру жұмыстары" бағдарламасында: 036 "Ақтау - Атырау автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау" кiшi бағдарламасындағы "100000" деген сандар "104000" деген сандармен ауыстырылсын; 040 "Қиғаш өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысының жобасын дайындау" кiшi бағдарламасындағы "38000" деген сандар "34000" деген сандармен ауыстырылсын; 714 "Алматы - Астана автожолын оңалту" бағдарламасында: 032 "Сыртқы қарыздар есебiнен Алматы - Гүлшат және Ақшатау Қарағанды учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "1690952" деген сандар "1583152" деген сандармен ауыстырылсын; 033 "Iшкi көздердiң есебiнен Алматы - Гүлшат және Ақшатау Қарағанды учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "664189" деген сандар "617989" деген сандармен ауыстырылсын; 035 "Iшкi көздердiң есебiнен Алматы - Гүлшат учаскесi (88 км) жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "514406" деген сандар "464526" деген сандармен ауыстырылсын; 036 "Сыртқы қарыздар есебiнен Осакаровка - Вишневка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "683191" деген сандар "583191" деген сандармен ауыстырылсын; 037 "Iшкi көздердiң есебiнен Осакаровка - Вишневка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "120992" деген сандар "180992" деген сандармен ауыстырылсын; 038 "Сыртқы қарыздар есебiнен Вишневка - Астана учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "843899" деген сандар "1194099" деген сандармен ауыстырылсын; 039 "Iшкi көздердiң есебiнен Вишневка - Астана учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "143948" деген сандар "237628" деген сандармен ауыстырылсын; 040 "Сыртқы қарыздар есебiнен Қарағанды - Осакаровка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "1880912" деген caндap "1738512" деген сандармен ауыстырылсын; 041 "Iшкi көздердiң есебiнен Қарағанды - Осакаровка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "760673" деген сандар "703073" деген сандармен ауыстырылсын; 715 "Алматы - Бiшкек автожолын оңалту" бағдарламасында: 030 "Сыртқы қарыздар есебiнен Алматы - Георгиевка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "756247" деген сандар "925954" деген сандармен ауыстырылсын; 031 "Iшкi көздердiң есебiнен Алматы - Георгиевка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "288330" деген сандар "343806" деген сандармен ауыстырылсын; 032 "Сыртқы қарыздар есебiнен Ұзынағаш - Георгиевка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "1644132" деген сандар "1474425" деген сандармен ауыстырылсын; 033 "Iшкi көздердiң есебiнен Ұзынағаш - Георгиевка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "662663" деген сандар "607187" деген сандармен ауыстырылсын; 2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына: көрсетiлген қаулыға 233-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: 036 кiшi бағдарлама мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Атырау - Ақтау автожолын қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы орыс тілінен ағылшын тіліне аудару жөніндегі жұмыстарды жүргізу"; 7-тармақ "құжаттаманы алу" деген сөздерден кейiн "және "Атырау - Ақтау" автожолын қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы орыс тілінен ағылшын тіліне аудару жөніндегі жұмыстарды жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетiлген қаулыға 260-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: 039 кiшi бағдарлама "негiзгi құралдарды сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеу." деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |