Жоба Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сайлау заңы мәселелерi ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1178 қаулысына сәйкес Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық iс жүргiзу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат): 273-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Сайлаушылардың тiзiмдерiн түзету қажеттігi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы өтiнiш келiп түскен күнi қаралуға тиiс."; 274-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "1. Өтiнiш негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.". 2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар): 1) 99-бапта "бестен онға", "жиырмадан отызға" деген сөздер тиiсiнше "оннан он беске", "жиырма бестен отыз беске" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мынадай мазмұндағы 99-1 және 102-1-баптармен толықтырылсын: "99-1-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кедергi келтiру Сайланбалы лауазымдарға кандидаттарға, олардың сенім бiлдiрген aдaмдapына олардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығын іске асыру процесінде кедергi келтiру, - Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|