|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 2 қарашадағы № 1092 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 100-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: кiрiспедегi "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесінде: кiрiспедегi "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Жәрдемақыларды төлеу ата-анасының бiреуiне (тiрi бала туған анасына не осы баланың әкесiне), ата-анасының екеуi де болмаған жағдайда - қамқоршыларына не баланың өзге заңды өкiлдерiне табысына қарамастан жүргiзiледi"; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Туған әрбiр балаға жәрдемақы төлеу тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүзеге асырылады"; 8-тармақтағы "6" деген сан "12" деген сандармен ауыстырылсын; 2) тармақша "не емдеу мекемесiнiң бала туылғаны туралы анықтамасының көшiрмесi" деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақша алынып тасталсын; 17-тармақтағы "2003 жылға арналған" деген сөздер "тиiстi жылға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақтың алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |