Жоба Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1362 қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлдi Осы Заң мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз eту үшiн, олардың тiршiлiк қызметi мен қоғамға кiрiгуi үшiн бiрдей мүмкiндiктер туғызудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық шарттарын айқындайды. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: мүгедек - адамның тiршiлiк ету әрекетiнiң шектелуiне апаратын және осы адамды әлеуметтiк қорғау қажеттілігiн туғызатын аурулардан, жарақаттар немесе кемiстiктер салдарынан ағза қарекеттерiнің тұрақты бұзылушылығы бар адам; мүгедектiк - ағза қарекеттерiнiң тұрақты бұзылушылығы салдарынан адамның тiршілiк етуi әрекетiнiң шектелу дәрежесi; мүгедектік оңалтудың жеке бағдарламасы - мүгедекті оңалтуды жүргiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн айқындайтын құжат; мүгедектердi оңалтудың кешендi бағдарламасы - мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалту жөніндегі iс-шаралардың кепiлдi тiзбесi; медициналық-әлеуметтiк сараптама - куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк, кәсiптiк және психологиялық деректерiн талдау негiзiнде ағза жағдайын кешендi бағалау, оңалтуды қоса, оның әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттілігiн белгiленген тәртiппен анықтау; дәрi-дәрмекпен емдеу - дәрілiк заттарды қолданып емдеу; медициналық оңалту - аурулар мен мүгедектердiң бұзылған немесе жоғалтқан қызметтерiн және денсаулығын қалпына келтiруге бағытталған әсер ету емдiк шаралар кешенi; тiршiлiк ету әрекетiнiң шектелуi - адамның өзiне өзi қызмет көрсету, өздiгiнен жүрiп-тұру, бағдарлану, адамдармен араласу, өзiнiң мiнез-құлқын қадағалау, оқу және еңбек қызметiмен айналысу қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|