|
|
|
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарына сәйкес және елдің балық шаруашылығын одан әрi дамыту, балықтың құнды түрлерiн сақтау әрi дамыту және балық қорларын тиiмдi пайдалану үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсiн (бұдан әрi - Бағдарлама). 2. Мемлекеттік органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С.Есiмовке жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы 1. Бағдарлама паспорты 2. Кiрiспе 3. Балық шаруашылығы саласының қазiргi жай-күйiн талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi 5. Бағдарламаны iске асырудың негізгi бағыттары мен тетігі 5.1. Заңнамалық базаны жетілдіру 5.2. Балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығы мелиорация жұмыстары 5.3. Республика су айдындарында балық қорларын жасанды түрде ұдайы молайту 5.4. Балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету 6. Оларды қаржыландырудың қажеттi ресурстары мен көздерi 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже 8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары Атауы Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы Әзiрлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 негiздеме қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (7.5.18-тармағы) Негiзгi әзiрлеуші Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Бағдарламаны 2004-2006 жылдар іске асыру мерзiмi Бағдарламаның Басты мақсаты - елдiң балық шаруашылығын дамыту, мақсаты балықтың құнды түрлерiн сақтау әрi дамыту және балық қорларын ұтымды пайдалану үшiн жағдай жасау Бағдарламаның Қойылған мақсаттарға сәйкес Бағдарламаның бiрiншi мiндеттepi кезектегi мiндеттерi - қазiргi заман жағдайында балық шаруашылығын тиiмдi дамыту үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру; балық шаруашылығы саласын басқарудың тиiмдi жүйесiн құру; Қазақстан Республикасы су айдындарының балық қорларын қорғаудың, ұдайы молайтудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру; балық шаруашылығы су айдындарындағы балықтардың құнды түрлерiнiң кәсiпшілік қорларын қалыптастыру әрi толықтыру және көл-тауар шаруашылықтарын дамыту үшiн жағдай жасау; балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету. Бағдарламаны Бағдарламаны iске асыруға 2004-2006 жылдары қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен 1 302,8 млн.теңге көлемі мен қаражат көзделедi, оның iшiнде 2004 ж.- 630,4 көздері млн.теңге; 2005 ж. - 330,2 млн.теңге; 2006 ж. - 342,2 млн.теңге. Сондай-ақ Бағдарламаны жергiлiктi бюджеттер, табиғат пайдаланушылар, халықаралық қаржы институттары қаражаттары есебiнен қаржыландыру көзделеді. Күтілетін түпкі Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы су нәтижелер айдындарының балық қорларын молайтуды; Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы су айдындарында балық өндiру көлемiн 1998-2001 жылдардағы 36,1 мың тоннадан 2006 жылы 51,7 млн. тоннаға дейiн ұлғайтуды; балық шаруашылығы саласын мемлекеттік басқарудың тиiмдi жүйесiн құруды қамтамасыз ету көзделеді. "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған салалық бағдарламасы" "Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысына сәйкес әзiрлендi. Соңғы жылдары қаржыландырудың жетiспеуiмен және ел экономикасын реформалаумен байланысты басқа да бiрқатар себептермен байланысты және осыған байланысты республика балық шаруашылығының күрт құлдырауына байланысты, сондай-ақ балық өнiмдерiне сұраныстың өсуiне байланысты балық шаруашылығын дамыту перспективаларын айқындау үшiн балық ресурстарын қалпына келтiру, оларды тұрақты пайдалану жөнiнде кiдiрiссiз шаралар қабылдау қажеттiлiгi туындайды. Балық шаруашылығы су айдындарының едәуір қоры, ұдайы молайту мақсатындағы қазiргi кәсiпорындар, балық аулаумен және балық өнiмдерiн қайта өңдеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар бұл үшiн база болып табылады. 2004-2006 жылдар кезеңiнде Бағдарламада балықтардың негiзгi кәсіпшілік түрлерiн өндіру түрлерін ұлғайту және балықтардың сирек кездесетiн түрлерінің тектік қорын сақтау, Қазақстан Республикасы су айдындарының балық қорларын сақтау әрі тұрақты пайдалану жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды, балық шаруашылығын мемлекеттік басқарудың тиiмдi жүйесiн құру және саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдiру көзделедi. 3. Балық шаруашылығы саласының қазiргi жай-күйiн талдау Жоспарлы экономика кезiнде Қазақстанда балық шаруашылығы халық шаруашылығының ең жоғары дамыған салаларының бiрi едi. 1991 жылы балық аулау мен балық өнiмдерi өндiрiсiнiң жалпы көлемi 80 мың тоннадан астамды, оның iшiнде тоғандық - 8,8 мың тоннаны құрады. Барлық облыстарда балық зауыттары мен балық комбинаттары, ал Жайық-Каспий бассейнінде, Балқаш және Алакөл көл жүйелерiнде өндiрiстік бiрлестiктерi құрылды. Елдiң балық шаруашылығы негiзiн құрамына Каспий мен Арал теңiзiнiң, Балқаш-Iле балық кәсiпшiлiгi бассейнiнiң, Бұқтарма, Қапшағай, Шардара су қоймаларының, Алакөл көлдер жүйесiнiң едәуiр акваториясын және жалпы алаңы 3 млн. гектардан астам басқа да су айдындары енетiн су айдындарының балық шаруашылығы қоры құрайды. Нарық экономикасына көшудің бастапқы кезеңiнде елде қалыптасқан ауыр экономикалық жағдай балық шаруашылығы саласына да әсер еттi. Балық шаруашылығы министрлігі одан кейiн тиiстi комитет таратылғаннан кейiн саланы қаржыландыру, әсiресе балық қорларын ұдайы молайту әрі қорғау жөніндегі көлемi қысқартылды. 90-жылдардың басымен салыстырғанда балық аулау көлемi үш есе азайды (1-кecтe). Сонымен бiр мезгілде бекiре балықтарының қорлары 9 есе азайды. Оның бiр түрi - шип өзiнiң кәсiпшілiк маңызынан айрылды. Бұрын жоғары кәсiпшiлiк маңызы болған басқа түрлерi жойылу қаупi төнгендiктен, Қазақстанның Қызыл кiтабына енгiзiлдi. Балық шаруашылығының тұтас бiр бағыты - тауарлық балық шаруашылығы өмiр сүруден қалды. Мұндай жағдай белгiлi бiр дәрежеде балық шаруашылығы саласында нысаналы мемлекеттік саясаттың болмауынан, балық шаруашылығын мемлекеттік басқарудың ыдыраңқылығынан туындады. Мысалы, балық шаруашылығын ұдайы молайту және реттеумен Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi, балық қорларын мемлекеттік бақылаумен және оларды қорғаумен бұрынғы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі айналысса, ал балық ресурстарын қайта өңдеу бұрынғы Экономика және сауда министрлігінiң қарауында болды. Мұның өзi балықты заңсыз аулау әрі оның контрабандасына ықпал еттi. Осыған байланысты халықты балық өнiмдерiмен қамтамасыз ету көлемi едәуiр азайды. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тағам институты ұсынған халықтың жан басына шаққанда балық тұтынудың жылына 14 кг нормасы кезiнде осы көрсеткiш бұрын 10 кг-ға жетсе, қазiргi уақытта жылына 4,3 кг-ға дейiн жеттi. Өнiмнiң бұл түрiн толықтыру үшiн соңғы жылдары республикаға балық пен балық өнiмдерiнiң едәуiр саны импортталуда, ал республикада балық өндiру мен молайтудың қолда бар мүмкiндiктерi толық пайдаланылмауда. Бұл ретте импортталатын балық өнiмiнiң көлемi өсу үрдiсiне ие. 1995-2001 жылдар кезеңiнде балық өнiмдерiнiң импорты экспорттық беруден 9,3 мың тоннаға асып түстi, ал ақшалай түрде 11 млн. АҚШ доллары, ал 1995-2000 жылдар кезеңiнде балық өнiмдерiнiң экспорты жылына 15,9 - 18,2 мың тонна құрады. 2001 жылы балық өнiмдерi экспорты 25,5 мың тоннаға жетiп, өстi, бұл ақшалай түрде 19,8 млн. АҚШ долларын құрайды, ал республикадағы балық аулау мен өндiрудi ұлғайту мүмкiндiктерi толық пайдаланылмауда. Қазақстанда балық аулаудың жылдар бойынша серпiнi
Балық шаруашылығы су айдындарының көпшiлiгiнде коммерциялық тұрғыдан неғұрлым құнды балық түрлерiн (сазан, ақ амур, көксерке, жерех) iрiктеп алып қою жүруде. Нарық құны неғұрлым төмен түрлерi (плотва, вобла және т.б.) орташа есеппен оларды аулауға бекiткен лимиттердің 30-50% дейiн игеріледi. 90 жылдар басына дейiн бөлiнген лимиттердiң 70-80% дейiн игерiлетiн, соңғы жылдары орташа есеппен бекітілген лимиттердiң 50% аспайтыны игерiледi, ал кейбір су айдындары бойынша тек 30% ғана (2-кесте). Кәсiпшілiк балықтардың табиғи түрде ұдайы молаюы үшiн жағдайларды қамтамасыз еткен ағындар мен балық жүретiн арналардың тиiстi жай-күйi болмағандықтан, iрi балық шаруашылығы су айдындарының қолайсыз жағдайын ескере отырып, оларда балық шаруашылығы мелиорация iс-шаралары кешенiн жүргiзу қажеттiлiгi туындады, бұл республикалық бюджеттен едәуiр қаржы қаражатын бөлудi ұйғарады. 1992 жылдан бастап Жайық-Каспий бассейнiн қоспағанда, республиканың iрi су айдындарында балық шаруашылығы мелиорациясы жүргiзiлмедi (2002 жылы республикалық бюджеттен 111,2 млн.теңге бөлiндi). 80 жылдардан бастап республикада орташа және шағын көлдер базасында оларға балық жiберудi дайындау жөніндегі жұмыстар кешенiн жүзеге асырумен бiрге көл-тауар балық шаруашылықтарын (КТБШ) құру жөніндегі iс-шаралар жүргiзiлдi. 1986 жылға қарай құрылған жалпы ауданы 41,8 мың гектар 11 КТБШ-ның 10 жұмыс iстеп тұрғандар қатарына қосылды. Келесi кезеңде балық шаруашылықтарын және шабақ өндiру көлемiнiң қысқартылуына байланысты КТБШ өмiр сүруден қалды. Қазiргi уақытта балық шаруашылықтарында балық салу материалдары өндiрiсiн ұлғайту жөнiнде iс-шаралар көзделуiне байланысты КТБШ қызметiн қалпына келтiруге мүмкiндiк туды. Келесi кезеңде балық шаруашылығын мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру үшiн "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 шiлдедегi № 714 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi құрылды. Саладағы табиғи су айдындарына балық жiберу үшiн 10 балық питомнигi мен уылдырық шашу-балық өсiру шаруашылықтары құрылды әрi жұмыс iстеуде. Барлық балық шаруашылықтарының шабақтар өсiру жөніндегі жобалық қуаты 140,86 млн. дана құрады. Бір жасқа жетпеген шабақтарды су айдындарына жiберу 60 млн. данаға дейін жетті, ал сиг балықтарының личинкаларын өндіру 70-80 млн. данаға дейін жетті. Қазақстанда балық аулаудың және лимиттердi игерудiң жылдар бойынша серпiнi
таблицаның жалғасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |