Әуе кемесiн ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы (2008.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен күші жойыды
Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы нормативтi құқықтық кесiмдер жүйесiн Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» заңды күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Заңының талаптарына сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын: 1. Берiлiп отырған Әуе кемесiн ұшуға дайындау ережесi бекітілсiн. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары Б.М.Наурзалиевке жүктелсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. Төраға Көлiк және Коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығымен бекітілген Әуе кемесiн ұшуға дайындау ережелерi 1 бөлiм. Жалпы ережелер 1 тарау. Негiзгi ұғымдар 1. Осы Ережелер «Қазақстан Республикасы әуе кеңiстiгi мен авиация қызметiн пайдалану туралы» Заңдық күшi бар Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының 42 бабына, «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына, Халықаралық азаматтық авиация (ИКАО) туралы Конвенцияға сәйкес әзiрленген. 2. Аталған ережелер әуе кемесiн ұшуға дайындауды жүзеге асыратын қызметтер мен экипаждардың қызметiн реттейдi. 1) Авиациялық техника - азаматтық әуе кемелерi, олардың жабдықтары, жинақтаушы бұйымдары, қозғалтқыштар, тренажерлар, азаматтық әуе кемелерiне жерде қызмет көрсету құралдары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|