Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекіту туралы (2021.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2021.18.09. № 661 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 27-13) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереже бекітілсiн. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Елшiлiгі туралы ереженi бекіту туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі № 832 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Басқа мемлекеттерде тiркелген Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлетті Елшiсiнiң негізгі мiндеттерi мен құқықтары туралы ереженi бекіту туралы» 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 833 Жарлығы. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірiлген өкiлдiгiнiң (бұдан әрi - өкiлдiк) мәртебесi мен өкiлеттіктерiн белгiлейдi. 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) Қазақстан Республикасының Елшiлігі - Мемлекет басшысы жанында аккредиттелетін, Төтенше және Өкiлетті Елшi басқаратын, орналасқан мемлекетiнде Қазақстан Республикасының өкiлдiгiн жүзеге асыратын дипломатиялық өкiлдiк болып табылатын Қазақстан Республикасының шет елдегi мекемесi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|